Жұмыс орнындағы қауіпсіздік

Бүгінгі күні қауіпсіздікті қамтамасыз ету жай заң талаптарын орындау ғана емес, сонымен қатар жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерінің, мердігерлер мен қоғам алдындағы моральдық борыш болып табылады.

Біздің қызметіміз Қор Тобының барлық жұмыскерлеріне қолданылатын «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы менеджмент жүйесі» ISO 45001-2018 халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Еншілес және тәуелді ұйымдар мен олардың бас компаниялары (78 ұйым) сәйкестік сертификатына ие.

ISO 45001-2018 сәйкестік сертификаты бар ЕТҰ-дағы жұмыскерлер саны

Біз жұмыскерлеріміздің қауіпсіздігін және объектілердегі апатсыз өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі жүйенің жұмысын үнемі жетілдіріп отырамыз. Қор Тобы үшін жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде жұмыс орындарының қауіпсіздігін жақсарту және қамтамасыз ету мақсатында мердігер компаниялармен тығыз өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу құрылады. GRI 403-1 GRI 3-3

Ең маңызды ірі қоржындық компанияларда өнеркәсіптік қауіпсіздік функциясын күшейту үшін оның тұрғысынан бірінші басшылар алдында функцияның тікелей әкімшілік жауаптылығымен сәйкес жекелеген қызметтер құрылды.

Біз жыл бойы тұрақты негізде басқарудың әртүрлі деңгейлерінде жұмыс орындарының жай-күйіне аудиттер жүргізіп тұрамыз. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкестік жүргізілген ішкі аудиттердің саны 2023 жылы 86 581 аудитке жетті (2022 жылы 61 916 аудит). GRI 403-2

«Vision Zero нөлдік жарақаттанушылық» әлемдік тұжырымдамасына қосыла отырып, Қор «жеті алтын ережені» жүзеге асыру аясында өндірістік қауіпсіздік саласында бизнесті жүргізу үлгілерін қайта қарады GRI 3-3:

1

Көшбасшы болу қағидаттарға бейілділік таныту дегенді білдіреді.

Біз жыл сайын көшбасшылықты, міндеттемені және тәжірибе алмасуды арттыруға бағытталған форумдар, семинарлар, басшылар үшін шеберлік сыныптары сияқты өндірістік қауіпсіздік бойынша мамандандырылған іс-шараларды өткіземіз. Сонымен қатар, қоржындық компаниялардың CEO-1 деңгейіндегі басшылар кемінде екі айда бір рет кәсіпорындарға барып, өндіріс алаңдарын тексеруді жүзеге асырып тұрады.

2

Қауіптерді анықтау — тәуекелдерді бақылау.

Біз қауіпсіздік саласындағы сарапшылардың қатысуымен өндірістік объектілердің орнында көшпелі тоғыспалы аудиттерді жүргіземіз, сондай-ақ қауіпті жағдайларды, қауіпті әрекеттерді, әлеуетті қауіпті оқиғаларды (Near Miss) тіркеу сияқты тәуекелдерді азайтуға бағытталған жарақаттанушылықтың алдын алу құралдары, Қауіпсіздіктің жүріс-тұрыстық бақылаулары енгізілуде. Оның үстіне әрбір жұмыскер қауіпсіз түрде орындалып жатқан жұмысты тоқтата тұруға құқығы бар екенін біледі. GRI 403-2

3

Мақсаттарды анықтау — бағдарламаларды әзірлеу.

Өндірістік қауіпсіздік саласындағы мақсаттар мен міндеттер белгіленеді, бақыланады және қажетіне қарай қайта қаралады. Қор Тобында белгіленген мерзімдері бар 33 нақты іс-шарадан тұратын «2024 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді. Мұндай жоспарлар жыл сайын бекітіледі. Жоспардың негізгі іс-шаралары: қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, қауіпсіздік мәселелерінде басшылардың көшбасшылығын дамыту, жабдықтың сенімділігін қамтамасыз ету және ықтимал төтенше жағдайларды жоюға дайындық болып табылады. GRI 403-9

4

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін құру-ұйымның жоғары деңгейіне жету.

Біздің қызметіміз қоржындық компанияларға, олардың еншілес және тәуелді ұйымдарына, сондай-ақ қызмет көрсетушілерге қолданылатын өндірістік қауіпсіздік саясатымен және өндірістік қауіпсіздікті басқарудың корпоративтік стандартымен реттеледі. GRI 403-1 GRI 403-8 GRI 3-3

5

Жұмыс орындарында, білдектермен және жабдықпен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік пен гигиенаны қамтамасыз ету.

Қоржындық компаниялар деңгейінде ауыр және өліммен аяқталатын апаттар мен жазатайым оқиғалардың тәуекелдерін барынша азайту мақсатында ескірген және физикалық тұрғыдан тозған жабдық пен имараттарды Техникалық қайта жарақтандырудың ұзақ мерзімді жоспарлары қолданылады. Оларды жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және өндірістік блоктар жұмыскерлерінің бақылауында.

6

Біліктілікті арттыру — кәсіби дағдыларды дамыту.

Жұмыскерлердің құзыретін арттыру мақсатында жұмыскерлер құрамы Қазақстан Республикасының ең төменгі заңнамалық талаптардың шегінен шығатын курстар мен бағдарламалар бойынша тұрақты түрде оқытылып тұрады.

7

Кадрларға инвестициялау — қатысу арқылы ынталандыру.

Ынталандыру және сыйақы беру жүйесі өндірістік пүжерістердің қауіпсіздігіне мүдделі жұмыскерлер шеңберін үнемі кеңейтіп тұруға мүмкіндік береді. Қордың Компаниялар тобында қауіпті жағдайларды, қауіпті әрекеттерді, әлеуетті қауіпті оқиғаларды белсенді түрде тіркеп тұратын, қауіпсіз емес жұмыстарды тоқтата тұратын, осылайша жарақаттану оқиғалардың алдын алатын жұмыскерлерге сыйақы төлеу тәжірибесі енгізілген. 2022 жылдан бастап өндірістік қауіпсіздік саласындағы нәтижелерге қол жеткізгені үшін I орын түрінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының жыл сайынғы номинациясын беру тәжірибесі енгізілді. Сондай-ақ ірі қоржындық компаниялар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы инновациялық идеяларға байқаулар, балалардың ең жақсы суреті бойынша байқаулар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыскерлері арасында олимпиада өткізеді. .

«7 алтын ережеге» сәйкес жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп, жүйелі шаралар кешені болып табылады.

Компаниялар Тобында өндірістегі жазатайым оқиғалар мен апаттардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу тек өз жұмыскерлерінің әрекетімен шартталып қана қоймай, сонымен қатар айтарлықтай дәрежеде мердігер ұйымдардың жұмыскерлеріне де байланысты болады. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің талаптарды сақтауын бақылау мақсатында zakup.sk.kz порталы арқылы жасалатын шарттардың үлгілік қалыптарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ЕҚжЕҚ), өрт және өндірістік қауіпсіздік бойынша мамандардың болуы, сондай-ақ ЕҚжЕҚ, өндірістік қауіпсіздік және өрт-техникалық минимум бойынша оқытылған және білімін тексеруден өткен персоналдың болуы бойынша талаптар енгізілді.

Басқарудан басқа, бізге жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмыскерлер үшін санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсарту, жұмыскерлерді сауықтыру, жеке қорғаныс құралдарын сатып алу, арнайы киімдерді химиялық тазалау және жуу, еңбекті қорғау мәселелерін оқыту және насихаттау бойынша іс-шараларды қаржыландыру түрінде өндірістік қауіпсіздікке үлес қосу маңызды.

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі инвестициялар, млрд теңге

2023 жылдың негізгі нәтижелері

Жыл сайын өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмыс үш негізгі бағыт бойынша құрылады.

1 Адамдар және қауіпсіздік мәдениетін арттыру

Қорда жұмыскерлер мен басшылардың қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы және көшбасшылық пен белсенділікті өз үлгісімен көрсетуі үшін оқыту тренингтері мен семинарлары үнемі өткізіліп тұрады.

2023 жылы біз Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптары шеңберінде 232 081 немесе 87% жұмыскерлерді оқыттық, жұмыскерлердің 59 176 немесе 22%-ы ҚР заңнамасынан тыс курстарға оқытылды.

GRI 403-5

Қор жұмыскерлері сондай-ақ Samruk Business Academy ұйымдастырған халықаралық курстарда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқытылады.

2 Технологиялық жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Қоржындық компаниялар деңгейінде жабдықта жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «2023 жылға, 2024-2027 жылдарға арналған моральдық және физикалық тозған жабдықтарды, құрылыстарды техникалық қайта жарақтандыру жоспарлары» әзірленді, оларды пайдалану кезінде ауыр және өліммен аяқталған апаттар мен жазатайым оқиғалардың туындау қаупі жоғары.

Біз Қор компаниялары Тобының жұмыскерлері арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жарақат алуды азайту бойынша жұмысты белсенді түрде жалғастырамыз. Осылайша, жұмыскерлер арасында автокөлікте қауіпсіздік белдіктерін тағу әдетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының 10 қаласында «конвинсермен» (ЖКО кезінде бетпе-бет соқтығыс симуляторы) тәжірибелік сынақтары өткізілді. GRI 403-9 Жұмыскерлер жазатайым оқиғалардың алдын алудың проактивтіқұралдарын қоса алғанда, халықаралық озық тәжірибелерді қолданады (қауіпті әрекеттерді, жағдайларды, ықтимал қауіпті Near Miss оқиғаларын тіркеу, мінез-құлық бақылауларын/қауіпсіздік аудитін жүргізу, «тоқтату карталарын» пайдалана отырып, қауіпті жұмыс түрлерін тоқтату).

3 Төтенше жағдайлардың алдын алу

Апаттар мен төтенше жағдайларға қатысты іс-қимылдарды реттеу үшін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар Тобында тұрақты жұмыс істейтін Штаб құрылды.

Персоналды ТЖ мен қауіпті өндірістік объектілердегі апаттарға ден қоюға дайындау мақсатында тактикалық оқу жаттығулар өткізіледі.

Біз тұрақты негізде қоржындық компаниялар мен олардың филиалдарында өндірістік қауіпсіздік жағдайына кросс-аудит жүргіземіз. Біз компания сарапшыларымен бірлесіп 17 өнеркәсіптік кәсіпорында аудит жүргіздік. GRI 403-2

Есептіліктің ашықтығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету және өндірістік қауіпсіздік саласындағы коммуникацияларды дамыту үшін ағымдағы есепті жылы үдерістерді цифрландыру бөлігінде бірқатар бастамалар іске асырылды:

  • өндірістік жарақаттанудың ағымдағы статистикасы туралы басшылықты жедел ақпараттандыру үшін оқиғалар бойынша дашбордтар құрылды;
  • есептілікті басқару жүйесінде «қоржындық компаниялардың мердігерлік ұйымдарындағы оқиғалар мен жайттар туралы ақпаратты тіркеу журналы» және «қоржындық компаниялардағы мердігерлік ұйымдар бойынша жедел ақпарат» іске қосылды;
  • QR арқылы жұмыскерлерден ұсыныстарды жинау және қарау тәжірибесі және Қордың барлық жұмыскерлерінің еншілес тәуелді ұйымдарда/қоржындық компаниялардың филиалдарында іссапарға жіберу кезінде өндірістік қауіпсіздік деңгейін бағалау тәжірибесі енгізілді. GRI 403-4
  • цифрландыру саласында форумдар да өткізілуде. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Шымкент қаласында өндірістік қауіпсіздікті цифрландыруға арналған форум ұйымдастырды.

Күн сайын Өндірістік жарақаттану көрсеткіштері бойынша статистика мониторингі жүргізіледі. Өндірістегі жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны 2023 жылы 120 адамды құрады. Өндірістік жарақаттану статистикасы өндірістік қызметті жүзеге асыратын қоржындық компаниялардың жұмыскерлерін қамтиды. GRI 403-9

Жұмыс уақытының жоғалуымен жарақаттар коэффициенті (LTIF), бірлік.

Жұмыс уақытының жоғалуымен жарақаттар коэффициенті (LTIFR)37, бірлік.

37 LTIFR (жұмыс уақытының жоғалуымен жарақаттар коэффициенті) — 1 миллион адам-сағатқа көбейтілген және 12 есепті айда жұмыс істеген адам-сағаттардың жалпы санына бөлінген өндірістік жарақаттың ауырлығы (оның ішінде қаза болғандар) туралы қорытындыға сәйкес еңбек ету қабілетінен айырылған жазатайым оқиғаларда зардап шеккен, жеңіл және ауыр өндірістік жарақатқа жататын компания жұмыскерлерінің саны.

Қордың өндірістік қызметімен байланысты ауыр жарақаттар коэффициенті 2022 жылдан бастап есептеле бастады және 2023 жылы 0,10-ды құрады, бұл алдыңғы есептік жылмен салыстырғанда 12%-ға кем.

Қордың қоржындық компаниялары ауыр зардаптармен бар жарақат алу қаупін тудыратын қауіптерді негізге ала отырып, өндірістік жарақаттануды болдырмауға, сондай-ақ жұмыс орнындағы тәуекелдер мен қауіптерді белсенді түрде азайтуға бағытталған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жеке іс-шараларының жеке жоспарларын әзірлейді. GRI 403-9

2023 жылы өліммен аяқталған 11 жазатайым оқиға орын алды (2022 жылы 12 жағдай): «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ — 6, «Самұрық-Энерго» АҚ — 2, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ — 2, «QazaqGaz ҰК» АҚ — 1. GRI 403-9

2023 жылы ауыр жарақаттар аалынған оқиғалардың көпшілігі құлаумен, электр тоғының соғуымен, ЖКО-мен және қозғалатын, ұшатын немесе айналып тұрған заттардың әсерімен байланысты болды. GRI 403-9

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі-жұмыс орнында болып жатқан оқиғаларды талдау және тергеу және болашақта олардың қайталануын болдырмау үшін шаралар қабылдау. Әрбір жағдай бойынша талдау жүргізіледі, басқа компанияларда олардың қайталануына жол бермеу мақсатында мән-жайларды, себептерді және қабылданған түзету шараларын қысқаша сипаттай отырып, ақпараттық бюллетеньдер жіберіледі. GRI 403-1 GRI 403-2 сонымен қатар, біз 2027 жылға қарай LTIF 0,12 — ге жетуді мақсат етіп отырмыз. Сонымен қатар, қоржындық компаниялардың тиімділігіне қауіпсіздік бойынша мінез-құлық бақылауларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі карточкаларды тіркеу, мердігерлік ұйымдардың аудиттерін жүргізу және басқалары енгізілген, бұл жарақат алу жағдайларын азайтуға оң әсер етуі тиіс.