Корпоративтік мәдениет және құндылықтар

Біз мықты көшбасшы командаларға, меритократияның іргелі қағидаттарын жүзеге асыруға және кадрларды дамытуға инвестициялауға негізделген тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастыруды және дамытуды жалғастырамыз.

НІТ (Humility, Integrity, Transparency) корпоративтік құндылықтарымыз: қарапайымдылық, адалдық және айқындық — біздің корпоративтік мәдениетіміздің негізі, және ішкі және сыртқы коммуникациялардың негізгі қағидаттары болып табылады. GRI 3-3

Қордың әрбір басшысы мен жұмыскері жүріс-тұрыстың этикалық стандарттарында бекітілген корпоративтік құндылықтарды ұстану үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.

2023 жылдың басты оқиғаларының қатарында — екі жүзден астам HR саласы мамандарының назарын аудартқан Қор компаниялары Тобының адам капиталын дамытудың басты тақырыбымен «Болашағымыз — Бірлікте!» Hr-форумын өткізу.

HR-Форумы аясында Топ жұмыскерлері алдыңғы қатарлы салалық тәжірибелерге оқытылатын адам ресурстарын басқару саласындағы сарапшылық пен нетворкингті тарту орталығына айналатын жаңа жоба — «HR school» іске қосылды.

Қордың қоржындық компанияларында Қордың HR компанияларының кәсіби қауымдастығы үшін жаңа өзара әрекеттесу алаңы іске қосылды — HR connect. HR connect компаниялар Тобында тәжірибе және озық тәжірибемен алмасуды ынталандыруға бағытталған.

Біз жас мамандарды даярлауға және қолдауға ерекше көңіл бөлеміз. 2023 жылдың мамырында Астанада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген Қор Тобының жас HR-мамандары үшін оқыту бағдарламасы өтті. Курстың негізгі тақырыбы болып трендті бағыттар — алуан түрлілік пен инклюзивтілік табылды.

Жұмыскерлердің өздеріне арналған іс-шараларды өткізумен қатар, біз олардың балаларына арналған жол қозғалысының негізгі ережелері, өрт қауіпсіздігі ережелері, бейтаныс адамдардан қорғану және ғаламторды пайдалану бойынша әртүрлі қауіпсіздік шеберлік сабақтарын өткіземіз.

Дамудың кейінгі бағыттары:

  • Жаңа оқу бағдарламаларын іске қосу (HR, PR, IR мектептері және т. б.):
  • C&B мектебі, басталуы 2024 жылдың сәуіріне жоспарланған;
  • HR school, басталуы 2024 жылдың сәуіріне жоспарланған;
  • PR school, басталуы 2024 жылдың мамырына жоспарланған;
  • IR School, басталуы 2024 жылдың маусымына жоспарланған.
  • FMD Global/Global CCU халықаралық аккредиттеуі.
  • SBA LMS жүйесін енгізу (білім мен тәжірибені таратудың автоматтандырылған жүйесі). Қазіргі таңда LMS (learning management system) жүйесінде ЕҚ, ҚТ және «Қаржылық еркіндік» курстарын орналастырылған. Сондай-ақ онлайн курстарды орналастыру бойынша серіктестермен келіссөздер жүргізілуде.
  • Сараптамалық және әдістемелік қолдаумен қолданбалы біліктілік орталығын құру.
  • «Мұнай-газ өнеркәсібі және мұнай-химия мектебі», «Көлік және коммуникациялар мектебі», «IT және телекоммуникациялар мектебі», «Энергетика мектебі», «Health&Safety School» өндірістік оқыту бағдарламаларын әзірлеу.
  • Жұмыскерлер құрамының барлық деңгейлері үшін бейімделу бағдарламаларын енгізу, жетілдіру және өзектендіру.
  • Жаңадан қабылданған жұмыскерлерге тәлімгерлікті енгізу (Buddy programm).
  • HR жұмыскерлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, соның ішінде HR жұмыскерлерін сертификаттау.