Тең мүмкіндіктерді құру
Біз өз қызметімізде адам құқықтарының сақтаулуына ерекше көңіл бөлеміз.
Біз Адам құқықтары туралы халықаралық Биллде және ХЕҰ еңбек жөніндегі стандарттарында баяндалған адам құқықтары саласындағы қағидаттарды ұстанамыз. Атап айтқанда, жұмыскерлердің құқықтарының сақталуын әйелдердің құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлуімен қадағалаймыз. GRI 2-23 Біз діни, нәсілдік, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да белгілер бойынша кемсітушіліктің кез келген нысандары жоққа шығарылатын жұмыс ортасын құруға ұмтыламыз.


Инклюзивтілік пен теңдік
2023 жылдың аяғында Қор Тобында 267 мыңнан астам адам жұмыс істейді (2022 жылы 262 мың). Жұмыскерлердің ең көп саны көлік-логистика секторында (жалпы санның 53%-ы) және мұнай-газ секторы (жалпы санның 23%-ы). Компаниялардың атқарушы органдарында 213 адам жұмыс істейді. GRI 2-7
Есепті жылы да бұрынғыдай гендерлік теңдікті сақтау қажеттігін қолдайтын іс-әрекеттерге баса назар аудардық. Біз БҰҰ Әйелдер серіктестігі және БҰҰ Жаһандық шарты арқылы гендерлік теңдіктің жеті қағидатын ұстанамыз.
Секторлар бойынша персонал құрылымы, %

Директорлар кеңесі мен атқарушы органдардағы әйелдер үлесін ұлғайту 2030 жылға қарай 30% мақсаттық көрсеткішіне жету үшін қоржындық компанияларда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Осылайша, біздің қоржындық компаниялардың бірі — «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС-де БК-дегі әйелдердің үлесі қазірдің өзінде 67%-ға жетті.
Жынысы бойынша штаттық жұмыскерлер саны, адам

Қор ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп компаниялардың басқарушы органдарындағы әйелдердің үлесін арттыру үшін «гендерлік теңдік» бағдарламасын құрды. Барлығы оқу курсын Қазақстанның түкпір-түкпірінен Қор Тобының 71 әйел жұмыскері аяқтады. Қазірдің өзінде 15 түлек орталық мемлекеттік органдар мен облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар жанындағы сарапшылар топтарына енгізілген. Тағы 10 қатысушы әйел мемлекеттік компаниялардың басқарушы органдарына қабылданды. GRI 3-3
Барлығына бірдей мансаптық мүмкіндіктер құруға ұмтыла отырып, Қор Тобына мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа тартамыз. Мәселен, 2023 жылы бізде 2700-ден астам мүгедек жұмыс істейді, оның ішінде ең көп саны Маңғыстау облысында (346 адам).
Мүмкіндігі шектеулі жұмыскерлердің саны, адам

Біздің қызметімізге өндірістік және әкімшілік үдерістер тізбегіндегі штаттан тыс жұмыскерлер кіреді. 2023 жылдың аяғына қарай штаттан тыс жұмыскерлердің тізімдегі саны 10,3 мың34 адамды құрады (2022 жылы 13,7 мың адам), соның ішінде аутстаффинг шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлер — 4,2 мың адам. АҚС шарттары бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлер құрамының саны жыл аяғына қарай 6 мыңнан астам адамды құрады.
Біз Президенттік жас дарындар резервінің мүшелерін басшы позицияларға белсенді түрде тартып тұрамыз. Қордың өзінің бес басқарушы директорының екеуі — резервтің жас түлектері.
Әкімшілік-басқарушылық және өндірістік персоналдың жасы бойынша құрылымы, адам

Біз қазақстандық жұмыскерлер құрамын басшылық қызметке жоғарылатуға ұмтыламыз. Қазақстан азаматтары болып табылатын Директорлар кеңестері мен Байқау кеңестері мүшелерінің саны Қордың бүкіл Тобы бойынша 72,5% — ға дейін ұлғайтылды. GRI 202-2
Қорда бастамашыл ақпараттандыру саясаты жұмыс істейді, сондай-ақ кемсітушілік жағдайлары туындаған кезде түзету әрекеттері қабылданады. Қордың қоржындық компанияларында жұмыскерлерді гендерлік, жас, ұлттық, діни немесе өзге де белгілер бойынша кемсіту жағдайлары есепті жылы тіркелмеген. GRI 2-24 GRI 406-1 GRI 3-3
Жұмысқа орналастыру және тең мүмкіндіктер
Әділ және айқын жалдау және мансаптық жоғарылату үдерістері Қор мен оның қоржындық компаниялары жұмыскерлерінің арасындағы алуан түрлілікті ұстап тұру және мансаптық мүмкіндіктердің теңдігін қамтамасыз ету үшін негіз болып табылады.
Қор Тобының компаниялары есепті жылы 41 мың жұмыскерді жұмысқа алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. GRI 401-1 Жұмыскерлердің көпшілігі Астанада жұмысқа қабылданды.
Қорға және қоржындық компанияларға жұмыскерлерді іріктеу және жалдау рәсімінің айқындығын арттыру мақсатында 2019 жылдан бастап Samruk Qyzmet (Qsamruk.kz) бірыңғай онлайн рекрутингтік платформасы жұмыс істейді. Платформа 549 ұйым мен филиалды біріктіреді, оның 521-і Қор Тобына кіреді. 2022 жылдан бастап барлық бос жұмыс орындары Қазақстан қалалары мен облыстарының көпшілігі үшін @samrukkazynaofficial tg-арнасында ашық түрде жарияланады. GRI 3-3
Есепті жылы қабылданған жаңа жұмыскерлер, адам

2019 жылдан бастап 2024 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде компаниялар 49 537 бос жұмыс орнын жариялады (2023 жылда — 21 910). 2023 жылда порталдағы ізденушілер саны 36%-ға (136 489-дан 186 211 дейін), ал ізденушілердің жауаптары 43%-ға (143 465-тен 205 201-ге дейін) өсті, бұл үміткерлер тарапынан ашық бос жұмыс орындарына қызығушылықтың айтарлықтай артқанын көрсетеді. Қор Qsamruk.kz сайтында инклюзивті бос жұмыс орындарын жариялау арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашады (2023 жылы 23 бос жұмыс орны).
