Талаптарды сақтау
2023 жылы табиғат қорғау заңнамасының бұзылғаны үшін ұсынылған төлемдер көлемі айтарлықтай азайып, 7,9 млрд теңгені құрады.
Уран өндіру және өңдеу секторындағы нысандарды жоспардан тыс тексеру нәтижесінде («РУ-6» ЖШС, «Катко» БК ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС) айыппұлдар жазылып берілді. 2023 жылға төлемдердің жалпы сомасы 21,7 млн теңгені құрады (жоғарыда аталған объектілердегі топырақтың ластануына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға уақтылы есеп бермеуге/хабарламауға байланысты).
2023 жылы «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-не (KUS) парниктік газдар шығарындыларының квотасын асырғаны үшін 7,2 миллиард теңге айыппұл салынды. Жоғарғы соттың шешімі күтілуде. Сонымен қатар, көміртегі квоталарының тапшылығын жабу үшін KUS 1,026 млрд теңгеге квота сатып алды. 2022 жылы KUS нөлдік сұйықтық ағызу қондырғысының сорғы жүйелерінің істен шығуына байланысты жер бетіне су шығару нәтижесінде есепті жылы 9,7 млн теңге төленді. GRI 2-27

Табиғат қорғау заңнамасының бұзылғаны үшін төлемдер
өлшем бірлігі | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | |
---|---|---|---|---|---|
Салынған айыппұлдар сомасы | млн теңге | 269 | 752 | 1 832 | 7 859 |
Төленген айыппұлдар сомасы | млн теңге | 335 | 627 | 1 937 | 7 883 |
Қаржылық емес санкциялар жағдайлары | саны | 0 | 0 | 2 | 1 |