Жастарға арналған бағдарламалар
Біз мамандарды, әсіресе жас дарындарды тарту және ұстап қалу үшін корпоративтік мәдениет пен жұмыс беруші брендін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізудеміз. GRI 3-3
Қорда жұмыскерлердің жалпы санынан 35 жасқа дейінгі 80 мыңнан астам жас мамандар жұмыс істейді.
Жастар саясатын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Қоржындық компанияларда жастармен жұмыс істеуге жауапты тұлғалар белгіленген, Жастар кеңесі институты да жұмыс істейді.

2023 жылдың тамызында біз жас көшбасшыларды дамытуға арналған «Жеті қадам» модульдік бағдарламасының қорытындысын шығардық. «Жеті қадам» бағдарламасы Қор мен қоржындық компаниялардың жас және тиімді жұмыскерлерін болашақ көшбасшыларға айналдыру мақсатында жастар саясатын қолдау жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру аясында әзірленген. Оларға басқарушылық құзыреттерді енгізу техникаларына үйрету, коммуникативті дағдыларды дамыту, командада жұмыс істеу қабілеті және бюджетті жоспарлау қағидаттарын түсіну.
Қазылар алқасы «Жеті қадам» бағдарламасының үздік жобасы деп «Кәсіпорындардағы көмірсутегі ізін азайту» жұмысын таныды, екінші орынды «Жастар саясатын жүзеге асыру» жобасы, үшінші орынды «Кәсіпорындардағы қауіпсіздік мәдениеті» тақырыпты жоба жеңіп алды. Жеңімпаздарды алдағы екі жылда өз жобасын Топ компанияларының бірінде жүзеге асыру күтіп тұр.
