Сәйкестік және жүгінулермен жұмыс
GRI 2-24 GRI 3-3 GRI 2-22
Қордың комплаенс қызметі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді және комплаенс бағдарламасын әзірлейді.
2023 жыл бойы Комплаенс қызметі нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаны әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, Қордың Жүріс-тұрыс кодексі жаңартылып, 2023–2027 жылдарға арналған Қор компаниялары Тобындағы комплаенс функциясын дамыту стратегиясы бекітілді.
2023 жылы Комплаенс қызметі жұмыскерлердің «Жедел желінің» жұмысы туралы хабардарлықты арттыру бойынша іс-шаралар өткізді. Жалпыға қолжетімді орындарда бейнероликтер, плакаттар тұрақты түрде орналастырылып, «Жедел желінің» байланыс ақпараты бар скринсейверлер пайдаланылады. GRI 2-25 GRI 2-24 Бұзушылықтар туралы хабарлау мәдениетін арттыру мақсатында, компаниялардың жоғары басшылығын тарта отырып, түсіндіру жұмыстары және «жедел желіні» танымал ету жұмыстары жүргізілуде. Жедел желінің операторы болып Қорға қатысты тәуелсіз компания табылады, бұл арыз берушінің құпиялылығы мен анонимділігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етугі мүмкіндік береді.
Комплаенс қызметі Жедел желіге келіп түскен жүгінулерді қарау және контрагенттердің сенімділігін тексеру үдерісін автоматтандырған болатын. GRI 2-26
2023 жылы «Сенім телефонына» барлығы 540 жүгіну келіп түсті, оның жартысына жуығы еңбек жанжалдарына байланысты жүгінулерге түсті.
«Жедел желіге» түскен жүгінулердің түрлері

