IPO және SPO: қор нарығын ынталандыру

Қор жүзеге асыратын қоржындық компаниялардың IPO мен SPO-лары Ұлттық қорды толықтыруға, Қор активтерінің нарықтық құнын құруға, меншікті және борышқорлық капитал нарықтарына қолжетімділікті кеңейтуге, олардың қызметіне қойылатын талаптардың артуына және басқарудың озық тәжірибелерін ұстануға байланысты компаниялардың операциялық тиімділігін арттыруға себептеседі.

Бұл да отандық бағалы қағаздар нарығын дамытуға, ел халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыруға болысады.

Біздің бағалы қағаздарды орналастыруымыз азаматтардың инвестицияға деген үлкен қызығушылығын тудырды. 2023 жылдың аяғына қарай қор нарығында Қор Тобының 6 компаниясының акциялары саудаланған («KEGOC» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Кселл» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ), ал олардың акциялары 167 мыңнан астам бөлше сауда инвесторларына тиесілі.