Шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу

Біз Қазақстанда шағын және орта бизнестің (ШОБ) және отандық кәсіпкерліктіғ дамуына белсенді түрде қолдау көрсетеміз. Бұл экономикалық сектор жаңартпалардың, жұмысбастылықтың өсуінің және тұрақты дамудың қозғаушы күші болып табылады, және біз оны қолдауға ерекше мән береміз. GRI 3-3

Қордың Топ компаниялары ресурстық базаны кеңейту, маңызды инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету, кепілдендірілген оффтейткер, отандық өндірушілерден сатып алулар және инвесторларды тарту арқылы ШОБ субъектілеріне сервистік қолдау көрсетеді. GRI 3-3

Біздің ірі көлік жобаларымыз ШОБ үшін жаңа мүмкіндіктер беріп, жаңа сауда бағдарлары мен әлемдік нарықтарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге біз газ саласындағы жергілікті қамтуды ұлғайтып, іс жүзінде нөлден бастап газ сервистік индустриясын құрудамыз.

Отандық тауар өндірушілерді (бұдан әрі — ОТӨ) қолдаудың және дамытудың негізгі құралы болып импортты алмастыру бағдарламасы табылады. 2018 жылдан бастап 31 желтоқсанға дейін 68 жаңа өндірістік жоба мақұлданды, сомасы 115,7 млрд теңгені құрайтын 475 офтейк-келісімшарт жеткізушілермен жасалды. GRI 3-3

Шағын бизнесті қолдау үшін 2023 жылы Қордың сатып алу жүйесінде Электронды дүкен (skstore.kz) құрылды. GRI 3-3 Онда қазірдің өзінде 6 мыңға жуық жеткізуші тіркелген, оның жартысынан астамы — ЖК.

2023 жылы Қор сатып алған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) көлемі 3 696 млрд теңгені құрап, оның 92%-ы отандық жеткізушілерге тиесілі. GRI 203-2. Сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 98%-ға дейін өсті (2022 жылы — 79%). 2024 жылы ОТӨ-ден тауарларды сатып алу көлемі 0,75 трлн теңге деңгейінде, 2029 жылға қарай 2,1 трлн теңге деңгейінде жоспарланған. GRI 3-3

Отандық жеткізушілерден сатып алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) үлесі32, % GRI 204-1

Отандық тауар өндірушілерді қолдау біздің инвестициялық жобаларымызда да ескерілген. Мәселен, «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысында отандық тауар өндірушілердің қатысуы заңнамалық түрде бекітілген.

Біз өздеріміздің сатып алу қызметімізге ESG өлшемшарттарын енгіземіз. Әсіресе, Жаңа өндірісті құруға жәрдемдесу бағдарламасы аясында жобаларды іске асыруға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарауда.

32 Отандық жеткізушілер Қазақстан Республикасында тіркелген жеткізушілерді білдіреді. Көрсеткіш Қордың Сатып алу ережелеріне бағынатын компанияларды ескереді.