Әлеуметтік-еңбек қатынастары

Біз адамдардың амандығын қамтамасыз ету үшін жұмыскерлердің еңбек жағдайларын, қауіпсіздік шараларын және басқа да әлеуметтік аспектілерді үнемі жақсартып тұруға ұмтыламыз. Барлық қоржындық компанияларда жүйелі түрде социологиялық зерттеулер және түзету шараларын әзірлеу жүйелі түрде жүргізілуде. GRI 3-3

Жұмыскерлердің ажырамас құқықтары бірлесу бостандығы құқығын, еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғау үшін кәсіподақтарға бірігу құқығын қамтиды. Біз осы құқықты толығымен қолдаймыз және осы институционалдық құрылымды дамытуға қолайлы жағдай жасаймыз. GRI 407-1

Біздің жақсы жақтарымыздың бірі — ортақ корпоративтік құндылықтарға бағытталған білікті және құзыретті кадрлардың болуы. Кәсіподақтар диалог алаңының жақсы үлгісі болып табылады, бұл әлемдік тәжірибемен расталады. Ұжымдық шарттармен қамтылған жұмыскерлердің үлесі Қор жұмыскерлерінің жалпы санының 97%-ын құрайды. GRI 2-24 GRI 407-1 GRI 2-30 SASB

Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту Қордың Компаниялар тобындағы Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы (бұдан әрі — ӘӨЫКО) арқылы жүзеге асырылады. Дағдарыс жағдайлары және дағдарысқа қарсы іс-шараларды ұйымдастырған кезде Қор бөлімшелері мен қоржындық компаниялардың өзара іс-қимылын үйлестіру үшін 2021 жылдан бастап Қордың Жедел штабы жұмыс істеуде.

ӘӨЫКО жанында 5 байланыс арнасы (электрондық пошта, телефон, Whatsapp мессенджері, веб-сайт) арқылы еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленістің туындау алғышарттары немесе фактілері туралы жедел деректерді жинауды және талдауды 24/7 режимінде жүзеге асыратын Әлеуметтік тұрақтылық мониторингі орталығы жұмыс істейді. 2023 жылдың сәуірінен бастап жаңа бесінші байланыс арнасы іске қосылды — өтініш берушіні https://nysana.cscc.kz/website сайтына бағыттайтын QR-код. QR-кодтар Қор Тобындағы кәсіпорындарда орналастырылған, бұл жұмыскерлерге жанжалды жағдайларды тезірек шешуге, сұрақтарға жауап алуға және естілуге мүмкіндік береді.

Қорда Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Әлеуметтік тұрақтылықтың интерактивті картасы жүйесі Қордың Компаниялар тобының кәсіпорындарындағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді (периметрде 12 қоржындық компания, 230 мыңнан астам адам).

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қор Компаниялар тобындағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейі қанағаттанарлық — SRS жалпы көрсеткіші 70%-ды құрап, 2022 жылдан бері өзгеріссіз қалды (72 мыңнан астам респондентті қамту). Зерттеу смс-тарату (онлайн-сауалнама) және телефондық сауалнама арқылы жүргізілді.

Қор Тобының компанияларындағы өндірістік жұмыскерлер құрамының 84%-дан астамы кәсіподақ мүшелері болып табылады.

Алты жылдан астам уақыт бойы біздің «Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі» атты кешенді білім беру жобамыз жаңа формациядағы кәсіби кәсіподақ жұмыскерлерін тәрбиелеп келуде. Оқу бағдарламасында ерекше назар жанжалдарды басқару, медиация, тиімді қарым-қатынас психологиясы, ұжымдық шартты қалыптастыру сияқты мәселелерге аударылады. GRI 407-1

2023 жылы 300-ден астам қатысушыны қамтыған Қор компаниялар Тобының кәсіподақ белсенділерінің, медиаторларының және Омбудсмендерінің 2 форумы өткізілді.

Жанжалдар мен дауларды соттың істі қарауына апармай шешудің баламалы тәсілдерін ілгерілету мақсатында 2022 жылдан бастап «Медиаторлар пулы» арнайы медиация курсы ұйымдастырылуда. 2023 жылы 63 медиатор медиация бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтсе, тағы 4 медиатор түрлі қоржындық компанияларда медиация бойынша бастапқы базалық курстан өтті. GRI 407-1 GRI 2-24

Тағы бір бағыт — Қор Компаниялар тобында IR (Industrial relations — өндірістік қатынастар) әдістерін енгізу, — өндірістегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдай деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

2023 жылы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды зерделеу бойынша IR-скрининг нәтижелері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар Тобы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы 43 602 сәйкессіздік анықталды. Қор Тобы бойынша 2024 жылдың соңына дейін I-II деңгейлі сәйкессіздіктерді (19 537) жою қажет, қазіргі таңда 5 664 сәйкессіздік жойылды.

Есепті жылы Қор компаниялары Тобының IR-мамандарын оқыту бағдарламасы аяқталды. Бес айдың ішінде жұмыскерлер өндірістік қатынастар саласында тәжірибелік дағдыларды жетілдіре ала білді және жаңа жұмыскерлер үшін кіріспе курсын әзірледі. Сонымен қатар, олар «Нысана» байланыс орталығы тіркеген нақты жағдайлардың ықтимал шешімдерін ұсынды.

«Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ азаматтық қоғамның мүдделері мен қоғамдық пікірді есепке алу мақсатында, кең ауқымды мәселелерді талқылау үшін біз рөлі кейіннен арта түсетін Қоғамдық кеңес құрдық.