Жұмыскерлердің денсаулығы мен амандығы

Біз әрбір жұмыскерге амандыққа саналы көзқарасты дамытуға және жұмыста да, одан тыс жерде де салауатты және бақытты өмір сүру үшін қажетті дағдыларды дамытуға қолдау көрсетуге ұмтыламыз. GRI 3-3

Қор Тобында денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы саласындағы мәселелерді басқару Қазақстан заңнамасының Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Денсаулық сақтау кодексі, Санитарлық ережелер мен нұсқаулықтар талаптарына және Денсаулықты қорғау және еңбек гигиенасы саласындағы халықаралық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. GRI 3-3 GRI 403-3

Біз 2023 жылы CEO-1 деңгейінің басшыларына Денсаулықты сақтау бойынша ҚНК (NWRF) белгіледік.

Жұмыскерлердің денсаулығының жалпы нығайту және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қоржындық компанияларда келесі жұмыстар жүргізілуде:

  1. жыл сайынғы медициналық тексеру, ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі жұмыскерлердің денсаулық жағдайына бақылау жүргізіледі; медициналық тексеру нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, сондай-ақ кейінгі бақылау, емдеу және оңалту бойынша ұсынымдар беріледі;
  2. халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген жұмыскерлерді сауықтыру және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспары әзірленуде;
  3. кәсіпорындарда және қоржындық компаниялардың орталық аппараттарында жұмыскерлерді сауықтыруға бағытталған спартакиадалар, спорттық іс-шаралары өткізіледі;
  4. медицина жұмыскерлері өндірістік объектілерде қан айналымы жүйесі ауруларының, темекі шегудің, маскүнемдіктің, дұрыс тамақтанбаудың алдын алу бойынша дәрістер мен әңгімелер түрінде санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізіп тұруда;
  5. жұмыскерлер шипажайлық-курорттық емделуге жіберіледі, сауықтыру мақсатында демалысқа материалдық көмек беріледі. GRI 403-6 GRI 403-7

Басқарма Төрағасының бұйрығымен 2024 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді, онда жұмыстың негізгі үш бағытын жетілдірумен қатар, жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ауқымды науқан ескерілген. Бұл әрбір жергілікті жұмыскердің атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар болуы, қатысуы, қауіпсіздік талаптарын бұзудың салдары мен ауырлығын түсінуі, тек өзінің ғана емес, әріптестерінің өмірі мен денсаулығының сақталуына да қамқорлық жасауы үшін жасалып отыр. «Самұрық-Қазына» АҚ-тың өндірістік қауіпсіздікті дамытудың 2024–2028 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясы әзірлену барысында, оның аясында өндірістік қауіпсіздіктің әрбір бағыты бойынша қызметтің негізгі көрсеткіштерін белгілеу болжануда.