2023 жылдағы тұрақты даму саласындағы негізгі оқиғалар
3 Наурыз
«KEGOC» АҚ KASE сауда-саттық алаңында 16,9 млрд теңге сомасына KEGOC «жасыл» облигацияларының екінші орналастырылуын ойдағыдай іске асырды
«Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі Қоғамдық кеңестің ашық отырысын Тобында өткізді
4 Сәуір
«Самұрық-Қазына» АҚ сарапшылары Испанияда өндірістік қауіпсіздік тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі XXIII Дүниежүзілік конгресте өз тәжірибесін ұсынды
«Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы» жеке мекемесі Қор компанияларының жұмыскерлері мен басшылығы арасындағы қарым-қатынастың жаңа тәсілін енгізді
5 Мамыр
«Самұрық-Қазына» АҚ «Гендерлік теңдік» бағдарламасының түлектері Әйелдер істері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына енді
«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС мен Степногорск күкірт қышқылы зауыты – «SSAP» ЖШС-да «Жасыл кеңсе» тұжырымдамасы енгізілді
6 Маусым
Қоржындық компанияларының жұмыскерлері алықаралық стандарттары бойынша алғашқы медициналық көмек көрсету курстарынан өтті
«KEGOC» АҚ «жасыл» облигациялардың ең ірі шығарылымы үшін «Green Finance Awards 2023» жүлдесін алды
7 Шілде
«Тау-Кен Самұрық» АҚ мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектеріне өзара қолдау көрсету туралы келісім жасасты
9 Қыркүйек
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ БҰҰ Жаһандық шартының «SDG Ambition» Бағдарламасына қатысушы атанды
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-та Корпоративтік волонтерлік мектебі ашылды
Топтағы кадршыларының кәсіби қоғамдастығы HR-connect іске қосылды
«Эйр Астана» АҚ елордада Еуропалық авиаци- ялық қауіпсіздік агенттігінің сертификатына ие болған Жазғы даярлау орталығын ашты
10 Қазан
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі су ресурстарын басқару және радиобелсенді қалдықтарды пайдалану бойынша 2030 жылға дейінгі Бағдарламаны бекітті
«Самұрық-Қазына» АҚ мен China Power International Holding компаниясы қуаты 1 ГВт ЖЭС құрылысы жобасын салу жөніндегі келісімге қол қойды
«Самұрық-Қазына» АҚ, China National Petroleum Corporation және ҚР Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергетика саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Маңғыстауда газ құбырдың екінші желісін іске қосты
«Samruk Business Academy» ЖМ-нің «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» жобасы EMBRAS 2023 HR-жобалары байқауында жеңіске жетті
«Самұрық-Энерго» АҚ-тың Жылдық есебі MarCom Awards (АҚШ) беделді халықаралық байқауында платина (ең жоғары) марапатқа ие болды
«Тау-Кен Алтын» ЖШС-нің аффинаж зауытында өз өндірісінің қалдықтарынан алтын бөліп алу бойынша цех іске қосылды
11 Қараша
Total Eren компаниясымен Қазақстанда жалпы қуаты 1 ГВт ЖЭС салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы АҚШ-та Black Sea Energy and Security конференциясына қатысты
12 Желтоқсан
«Самұрық-Қазына» АҚ тобының бес жұмыскері Президенттік жастар кадр резервіне алынды (алынған 50 қазақстандықтың ішінен)
«Самұрық-Қазына» АҚ, ҚР Энергетика министрлігі және БАӘ Инвестициялар министрлігі Қазақстанда жалпы қуаты 10 ГВт-ты құрайтын Төмен көміртекті энергетиканы дамыту туралы меморандумға қол қойды
COP 28 конференциясында «Самұрық-Қазына» АҚ ACWA Power және Masdar-мен бірлесіп, ЖЭС салу жөніндегі жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қойды
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ COP 28 конференциясында OGMP 2.0 (The Oil & Gas methane Partnership) серіктестігіне қосылып, UNEP-пен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
«Қазақтелеком» АҚ Астанадағы жыл сайынғы IDC Government Innovation Forum-да киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа үлгісін ұсынды
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ және мердігерлер жайлы мектеп жөніндегі EPC-келісімшарттарына қол қойды
«Қазпошта» АҚ мен «Жасыл Даму» АҚ «жасыл» экономика мен ESG-ні дамыту бойынша меморандумға қол қойды
«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-тың 2033 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілді, оның мақсаттарының бірі болып ESG қағидаттарын енгізу және таза көміртегі ізін 10%-ға азайту табылады