«Самұрық-Қазына» АҚ 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Қор аса маңызды мемлекеттік активтерді басқару арқылы Қазақстан экономикасының тұрақты дамуында түйінді рөл атқарады.

Біз инвестиция тартамыз және бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасаймыз, жаңартпаларды белсенді түрде қолдаймыз, шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосамыз, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырамыз.

Қордың Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. GRI 201-4

Қордың активтер қоржынына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсібінің, тау-кен металлургия кешенінің, энергетика және жылжымайтын мүлік салаларының компаниялары кіреді. Қордың басқаруындағы жалпы активтер 2023 жылдың аяғында 36 926 млрд теңгені құрады. Қор өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізеді. 5 GRI 2-1 GRI 2-6

Миссия

Қазақстан Республикасы халқының мүддесі үшін әртараптандырылған активтер қоржынын тиімді басқару және бизнесті қолдау арқылы тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді құнды құру.

Біздің көзқарасымыз

Жауапты инвестициялар арқылы адамдардың әл-ауқаты мен қоршаған ортаны қорғау қағидаттарына негізделген жаңартпашыл дамуда серпіліс жасай отырып, ұлттық экономиканың көшбасшысы болу.

Қордың рөліне мыналар кіреді:

  • қоржындық компаниялар арасындағы синергияны қамтамасыз ету;
  • инвестицияларды әсіресе шикізаттық емес салаларға және жеке сектор шектелген жаңа бағыттарға салу;
  • сараптамаларды, құзыреттерді және инвестицияларды ұсыну арқылы мақсатты салаларды дамыту;
  • стратегиялық серіктестік арқылы шетелдік инвестицияларды қоса алғанда, инвестицияларды тарту;
  • меншік пен акционерлердің құқықтарын қорғау қағидаттарына негізделген озық іскерлік мәдениетті дамыту, және отандық компанияларды, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау;
  • жаһандық стратегиялық инвесторлармен және сала жетекшілерімен, сондай-ақ басқа да тәуелсіз әл-ауқат қорларымен халықаралық серіктестікті дамыту.

5 Ірі портфельдік компаниялар қызметінің географиясы туралы толығырақ ақпаратты Қордың 2023 жылғы жылдық есебінде «Активтер Қоржыны» бөлімінен табуға болады.