Халықаралық инвестициялар және ынтымақтастық

Бүгінде біз Қытай, БАӘ, Сауд Арабиясы, Ресей, Италия, АҚШ, Катар, Франция және Әзірбайжандағы серіктестермен бірге мұнайгазхимия, энергетика, көлік пен логистика, машина жасау, цифрландыру жобаларына инвестиция салудамыз. GRI 2-6

Атап айтқанда, Қор зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға және климаттың өзгеруіне қарсы тұруға жәрдемдесетін жаңартылатын энергия көздері бойынша жобалар аясында елеулі жұмыс жүргізуде. 2023 жылы біз келесі серіктестіктерді жасастық:

  • Жетісу аймағында (Жоңғар қақпасы) жалпы қуаттылығы 1 ГВт-ты құрайтын жел электр станциясын салу және пайдалану жөніндегі қағидаттар мен бірлескен әзірлеу туралы келісімдерге, Жол картасына ACWA Power компаниясымен қол қойылды, құрылысты бастау 2025 жылға жоспарланған.
  • Қытайлық China Power International Holding (CPIH) компаниясымен бірлесіп, түсіністік туралы Меморандумға, Жол картасына және энергияны жинақтау жүйесімен жиынтық қуаты 1 ГВт-ты құрайтын жел электр станциясын салу жобасы бойынша бірлескен әзірлеу туралы келісімге қол қойылды. Алғашқы 500 МВт-ты Жамбыл облысында іске асыру жоспарлануда.
  • Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) және Masdar (БАӘ) энергетикалық компаниясымен Жамбыл облысында энергияны жинақтау жүйесімен орнатылған қуаты 1 ГВт-қа дейінгі жаңа жел электр станциясы салынады. Жоба бойынша бірлескен әзірлеу туралы келісімге, ынтымақтастық туралы келісімге, Жол картасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметтері арасындағы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
  • Total Open компаниясымен электр энергиясын сатып алу және сату туралы, Қазақстанда жиынтық қуаты 1 ГВт-ты құрайтын жел электр станцияларын салу бойынша бірлескен әзірлеу және инвестициялар туралы келісімдер жасалды. Жобада электр энергиясын жинақтағыштар қолданылатын болады.
  • Qazaq Green Power PLC және ресейлік Unigreen Energy компаниясымен жалпы қуаттылығы 1 ГВт-ты құрайтын КЭС салу бойынша жобаны іске асыру жоспарланған.
  • ҚР Энергетика министрлігімен және БАӘ Инвестициялар министрлігімен Қазақстан аумағында жалпы қуаттылығы 10 ГВт төмен көміртекті энергетиканы дамыту бойынша Меморандум жасалды.
  • Power Construction Corporation of China (ҚХР) компаниясымен Алматы облысының Шелек дәлізінде ЖЭК жобасын 810 МВт-қа дейін кеңейту бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
  • China National Petroleum корпорациясымен жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.