Есеп туралы

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ GRI 2-1 (бұдан әрі — Қор) 2023 жылға арналған Тұрақты даму саласындағы есебі (бұдан әрі – Есеп) Қордың мүдделі тараптарының кең ауқымын біздің қызметіміздің нәтижелері туралы ақпараттандыруға арналған және еліміздің экономикалық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік дамуына қосқан үлесіміз туралы, сондай-ақ Қор мен оның қоржындық компаниялары қызметінің экологиялық және экономикалық аспектілері бойынша ақпаратты қамтиды.

Біз мүдделі тараптармен тиімді және сапалы коммуникацияны қамтамасыз етуге талпынамыз, сондықтан тұрақты даму саласындағы ақпаратты ашқан кезде біз осы саладағы жетекші әлемдік есептілік стандарттарын қатаң ұстанамыз. Осы есеп жаһандық есептілік бастамасының (GRI Sustainability Reporting Standards — GRI) тұрақты даму саласындағы есептілікті дайындау жөніндегі халықаралық стандарттарына сәйкес және Sustainability Accounting Standards Board (SASB) стандарттарының тұрақты даму саласындағы ақпаратты ашуға қатысты қағидаттар мен тәсілдемелердің пайдаланылуымен дайындалған.

Қордың тұрақты даму саласындағы есептері 2016 жылдан бастап жыл сайын жарияланып келуде. Есепті кезең қаржылық есептіліктің есепті кезеңімен сәйкес келеді. Осы есеп «7-қосымша. Есептілік шегі» сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңдегі Қор және оның портфельдік компаниялары туралы шоғырландырылған ақпаратты қамтиды және Қордың Директорлар кеңесімен 2024 жылдың 26 маусымында бекітілген. GRI 2-3 GRI 2-14

Есеп 2024 жылдың 27 тамызында жарияланды. GRI 2-3 2022 жылға арналған алдыңғы есеп 2023 жылдың 29 қыркүйегінде жарияланған.

Байланыс ақпараттары бөлімінде сіздер Есеп және тұтастай алғанда Қордың тұрақты даму тәжірибесі бойынша сұрақтар мен кері байланыспен хабарласа алатын байланысушы тұлғаларды таба аласыздар.