Атмосфералық ауаның сапасы
Біз ауаның ластануы мәселесіне байыппен қараймыз, өйткені ол адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Біз өзіміздің қоржындық компанияларымызға шығарындыларды азайтуда, үздік технологияларды пайдалануда, өндірістік жүйелерін жаңарту мен жөндеуде қолдау көрсетеміз. GRI 3-3
Атмосфераға барлық шығарындылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамамен қатаң реттеледі. Зиянды заттардың шығарындылары мемлекеттік органдармен келісілген және рұқсат құжаттарында көрсетілген белгіленген нормативтер шегінде ғана жүзеге асырылады.
Біз нақты уақыт режимінде қоршаған ортаға эмиссиялардың мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қауіптілігі I санаттағы 16 объектіде (Мұнай және газ өндіру, мұнай мен газды қайта өңдеу, газ химиясы, электр энергиясын өндіру және тау-кен металлургия секторында) ластаушы заттар эмиссияларын автоматтандырылған мониторингілеу жүйелерімен (АМЖ) жарақтандыру бағдарламасын жалғастырамыз. GRI 3-3

Ластаушы заттардың шығарындылары
Қор Тобы бойынша 2023 жылы ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 499,9 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 0,8% — ға артық. GRI 305-7 SASB
Шығарындылардың негізгі көздері — қазба отындарын пайдаланатын ЕГРЭС-1, ЕГРЭС-2С, АлЭС сияқты жылу электр станциялары және «Богатырь-Көмір» компаниясы.
«Самұрық-Энерго» АҚ «Өндірілетін электр энергиясының экологиялық тазалық көрсеткіші. 1 кВт/сағ-қа CO/SOx/NOx/қатты бөлшектер шығарындыларының көлемі» көрсеткіші бойынша өзінің прогрессін қадағалап тұрады. 2023 жылы ластаушы заттардың үлестік шығарындысы 9,5 г/кВт*сағ-ты құрады. Өндірістік объектілерінде ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мақсатында 1,6 млрд.теңге сомасына шаңтозаң-газ тазалау жүйелерін жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. «Самұрық-Энерго» АҚ-та АМЖ алғаш рет «ЕГРЭС-2С» АҚ-та енгізілді.
Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі, мың тонна

Секторда газды жалындатып жағу көлемін қысқарту бойынша шараларды іске асыру жалғасуда. Атмосфералық ауаға жағымсыз әсерді азайту мақсатында мұнайды қыздыру пештеріндегі техникалық ескірген оттықтарды ауыстыру; кешенді газ өңдеу және өңдеу қондырғыларын салу; эксплуатациялық-баптау жұмыстарының кестесіне сәйкес пештердің оттық құрылғыларының күйіне жүйелі бақылау жүргізіледі және т.б. орнатылған. GRI 3-3
