Ғылыми-зерттеу қызметі
Жоғары сапалы экономикалық және әлеуметтік түбегейлі өзгерістердің негізі болатын жоғары технологиялық өнімдер өндірісін кеңейту үшін Қор ғылыми-зерттеу қызметіне назар аударады.
Біз мерзімді экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін тәжірибелік-құрастырымдық талдамаларды коммерцияландыруға ерекше көңіл бөліп тұрамыз. Жұмысты үйлестіру мақсатында ғылыми-жаңартпашыл жобалар үшін өзінше «бір терезеге» айналған «Самғау» Ғылыми-Технологиялық Бастамалар Орталығы (бұдан әрі — ҒТБО) құрылды. Бұл бізге қоржындық компанияларда ғылыми өнімдерді, өнеркәсіптік инновацияларды және инновациялық мәдениетті әзірлеу үдерісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді, сонымен қатар отандық ғылыми әзірлемелерді өндіріске табысты енгізуді қамтамасыз етеді.

2023 жылдың желтоқсанынан бастап Қордың жер қойнауын пайдаланушылары ғылыми зерттеулерді ҒТБО арқылы қаржыландыруды жүзеге асырады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша ҒТБО әлдеқашан ҒЗТКЖ-ға 84-тен астам өтінімді (2022 жылғы 17 қарашада қабылданған ҒЗТКЖ және жаңартпалар жөніндегі Корпоративтік стандарт рәсімдеріне сәйкес) қарады, оның ішінде Қордың Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысында жалпы сомасы 2,7 млрд теңгені құрайтын 5 жобаны іске асыруға мақұлданды.