Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау

Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі (бұдан әрі — ТБКЖ) ұйымның стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпалын тигізуі мүмкін тәуекелдерді дер кезінде анықтауға, бағалауға, басқаруға және бақылауға бағытталған.

Тәуекелдерді басқару мәселелерін реттейтін негізгі ішкі нормативтік құжатымыз болып Қордың тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі саясаты табылады.

Тәуекелдерді басқару департаменті, комплаенс қызметі және ішкі аудит қызметі туындайтын маңызды мәселелер мен назар аударуды талап ететін мәселелер туралы ақпаратты Директорлар кеңесінің назарына жеткізеді. GRI 2-16

Қордың Ішкі аудит қызметі тәуекелдерді басқару және бақылау жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Қызмет өз қызметін ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына, оның ішінде халықаралық ішкі аудиторлар институтының Әдеп кодексіне сәйкес жүргізеді. 2023 жылы Ішкі аудит қызметі ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына және ішкі аудиторлар Институты әзірлеген Этика Кодексіне сәйкестігіне сыртқы тәуелсіз бағалаудан сәтті өтті.

Директорлар кеңесінің рөлі болып Қор үшін жалпы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саясатын бекіту табылады.

Басқарма Тәуекелдерді стратегиялық басқару комитетінің ұйымдастырылуы мен тиімді жұмыс істеуі үшін жауапты болады.

2023 жылы тәуекелдер тізіліміне Қор қызметі үшін ең маңызды болған 22 тәуекел кірген. Тәуекелдер стратегиялық, қаржылық, операциялық және құқықтық тәуекелдер топтарына бөлінеді.

2023 жылғы тәуекелдер тізіліміне жазатайым оқиғалар тәуекелі, әлеуметтік тұрақсыздық тәуекелі, жұмыскерлер құрамының тәуекелдері, соттың істі қарау тәуекелдері, комплаенс тәуекелдері сияқты ESG-қа қатысты тәуекелдер кіреді, сондай-ақ экологиялық және климаттық тәуекелді қамтитын экологиялық тәуекелдер ерекшеленіп көрсетілді.