Біз әрбір жұмыскерге құрметпен қарайтын және ең жоғары этикалық стандарттар ұсталатын инклюзивті жұмыс ортасын құрамыз. Біз баршаға бірдей мансаптық мүмкіндіктер ұсынамыз.


Кадр саясаты біз қызметімізде ұстанатын қағидаттарды қамтып көрсетеді:
- біліктілікті арттыру және адам капиталын дамыту бағдарламаларын үнемі жетілдіріп тұру;
- Қордың бүкіл компаниялар Тобы бойынша ішкі сараптаманы арттырудың қажетті шарты ретінде тәжірибе мен білімнің сабақтасығы;
- Қордың бүкіл компаниялар Тобында IR, HSE, CSR тәжірибелерін енгізу арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші мүдделерінің теңгерімділігін сақтауға ерекше назар аудару;
- HR үдерістерінің айқындығын қамтамасыз ету және ашықтық саясатын қолдау.
2023 жылы жеке қоржындық компаниялар («Эйр Астана» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «ҚазақстанТемірЖолы» ҰК» АҚ) ең тартымды жұмыс берушілер рейтингіне 33 енді, бұл жұмыскерлерге және жалпы қоғамға деген бағдарлануды, сондай-ақ Қор Тобындағы лайықты еңбек жағдайларының кепілдігін тағы бір рет дәлелдейді.
33 Рейтинг 2023 жылы ANCOR тапсырысы бойынша жұмыс беруші брендін қабылдауды кең ауқымды тәуелсіз зерттеу аясында жүргізілді.