Қалдықтарды басқару

Қалдықтарды азайту мәселесін шешу арқылы біз қоршаған ортаға әсерімізді азайтып қана қоймай, ресурстарды тұтынуды азайту, ақшаны үнемдеу және жаңартпаларды енгізу мүмкіндіктерін аламыз.

Қалдықтармен айналысу — қайта өңдеу және кәдеге жарату тәжірибесінен тыс шығатын көп қырлы мәселе. Ол компаниялардың қызметінде қолданылатын материалдардың барлық өмірлік циклін қамтиды — сатып алу мен өндіруден тұтыну мен кәдеге жаратуға дейін. Қалдықтарды азайту мәселесін шешу арқылы біз қоршаған ортаға әсерімізді азайтып қана қоймай, ресурстарды тұтынуды азайту, ақшаны үнемдеу және жаңартпаларды енгізу мүмкіндіктерін аламыз.

Өндірістік және коммуналдық қалдықтарды басқару, уақытша сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және қоршаған ортаға, жұмыскерлер мен жергілікті тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмейді.

Қалдықтардың қалыптасуы, млн тонна GRI 306-3 SASB

Қор қалдықтарының негізгі бөлігі жылу және электр энергиясын өндіру секторына тиесілі-жалпы көлемнің 99% немесе 98 496,1 мың тонна. Қызметтің ерекшелігін ескере отырып, қалдықтардың жалпы көлеміндегі негізгі үлес «Богатырь Көмір» ЖШС көмір разрездерінің аршылған жыныстарына және қауіпті емес болып табылатын көмірді жағу нәтижесінде пайда болатын күл-қож қалдықтарына тиесілі. GRI 3-3