Лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету

Біз жұмыскерлердің мүдделеріне сәйкес келетін, олардың ұсталып қалуына себептесетін және қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін кең ауқымды әлеуметтік қолдау жүйесін пайдаланамыз. GRI 3-3

Өзінің әлеуметтік пакетінен басқа Қорда және қоржындық компанияларда ҚР Еңбек кодексінде ескерілген барлық кепілдіктер мен жеңілдіктер қамтамасыз етіледі35. Біз жұмыскерлерге келесі әлеуметтік төлемдер мен өтемақы түрлерін қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакетті ұсынамыз:

  • еңбек демалысына сауықтыруға материалдық көмек;
  • жүктілікке және босануға байланысты төлемдер;
  • жасы 1,5-ға толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыстағы жұмыскерлерге ай сайынғы төлемдер;
  • тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек шарты бұзылған кездегі өтемақылар;
  • жұмыскердің қайтыс болуына байланысты жерлеуді ұйымдастыруға біржолғы төлем, өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан жұмыскердің отбасына біржолғы төлем. GRI 401-2

Қайтару коэффициенті және ұстау коэффициенті, %

Жұмыскерлерді қолдау шараларының бірі ретінде 2022 жылғы 20,8 миллиард теңгемен салыстырғанда 2023 жылы сауықтыру мен білім беруге жұмсаған шығыстарымыз 25 миллиард теңгені құрады.

Біз жұмыскерлердің денсаулығын қолдау үшін ерікті медициналық сақтандыруды ұсынамыз. GRI 401-2

Негізгі әлеуметтік пакетке қосымша жұмыскерлерді тарихи қалыптасқан әлеуметтік қолдау түрлері ескерілген. GRI 401-2 Әлеуметтік көмектің бұл түрлері ұжымдық шарттарда бекітіледі немесе жеке кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарымен реттелді36 GRI 2-30. Экономикадағы дағдарыс кезеңдері бұл жәрдемақылардың төленуіне әсерін тигізбейді.

2023 жылы Қор Тобының 243 мыңға жуық жұмыскерінің жалақысы төмен жалақы алатын лауазымдарға баса назар аудара отырып, 2%-дан 33%-ға дейін өсті.