Экономика мен қоғамды дамытуға инвестициялар
GRI 203-1 GRI 203-2 GRI 3-3
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік жасай отырып, біз экономиканың әр түрлі салаларына белсенді түрде инвестициялаймыз. GRI 3-3
Алдағы 6 жылда біз еліміздің әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуын қолдауға ерекше назар аударатын боламыз.
Біздің инвестициялық жобаларымыз біз жұмыс істейтін өңірлерде маңызды рөл атқарып, мыналарды қамтамасыз етеді:
- әлеуметтік пайда: жұмыс орындарын құру, өмір сүру деңгейін арттыру;
- экономикалық даму: өңірлік экономиканы кеңейту, табыстың өсуі, шағын бизнестің дамыту;
- адами капиталдың кадрлық әлеуетін дамыту: мамандарды тарту және дамыту, олардың жаңа технологиялық өндіріске қатысуы;
- экономиканы әртараптандыру: жекелеген секторларға тәуелділікті төмендету, және өсу үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.
Қордың инвестициялық қоржыны, трлн теңге

2023 жылы Қордың Директорлар кеңесі Қордың тарапынан жүйелі мониторингке жататын жиынтық сомасы ~24 трлн теңге құрайтын 42 ірі инвестициялық жобаның тізбесін айқындады. Олардың едәуір бөлігі мемлекеттік бағдарламалар, ҚР Үкіметінің бағдарламалары шеңберінде бастамаланған. Жобалардың әрқайсысы өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына себептеседі, сондай-ақ экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы орта жасайды.
2023 жылдың нәтижелері:
Құны 1,1 трлн теңгені құрайтын 15 жоба жүзеге асырылды, соның ішінде 5-еуі басым жобаларға жатады.
Қор Тобының басым инвестициялық жобалары GRI 203-1 GRI 203-2 GRI 3-3
Жобаның атауы | Жобаның әсері | Іске асыру мерзімі |
---|---|---|
1 Маңызды инфрақұрылымды кеңейту |
||
Алматы қ. ЖЭО-2, ЖЭО-3 үшін газ инфрақұрылымын салу | Алматы ЖЭО-ны газға ауыстыру үшін қажетті инфрақұрылым. 450 уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 22 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. | 2021-2024 жж. |
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісінің құрылысы | Газ тасымалдау көлемін арттыру, Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерін газбен жабдықтауды дамыту үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ету.
4,5 мың уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 200 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2023-2026 жж. |
КС-14 және «КС-14 — Қостанай» магистралдық газ құбыры негізінде компрессорлық станцияларды салу |
Қостанай қаласы мен Қостанай облысының тұрғындарын, сондай-ақ жүйе құраушы кәсіпорындарды сенімді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету.
1,2 мың уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 400-ден астам тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2023-2026 жж. |
«Достық — Мойынты» т/ж учаскесінде екінші жол салу |
Пойыздар қозғалысының жылдамдығын ұлғайту, Қытай — Еуропа бағдары бойынша Қазақстанның негізгі транзиттік дәлізінің өткізу және тасымалдау қабілетін арттыру. 1,5 мың уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 235 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2022-2025 жж. |
Алматы торабын айналып өтетін айналма т/ж желісін салу |
Алматы темір жол торабына түсетін жүктемені 40%-ға азайту; Жүк ағындарының болжамды өсуін ескере отырып, Қытай-Еуропа және Қытай-Орталық Азия транзиттік дәлізі бойынша жүк өткізу қабілеті мен өту жылдамдығын арттыру. 1 мыңнан астам уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 500 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2023-2025 жж. |
«Дарбаза — Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы |
«Сарыағаш» өткізу пунктінің жүктемесін түсіру және жылына 10 млн тоннаға дейін қосымша жүк ағынын тарту, сондай-ақ жоба Түркістан облысының республиканың негізгі теміржол желісімен байланыстыру арқылы оның дамуына себептесетін болады. 3,4 мыңнан астам уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 600 тұрақты жұмыс орнын (пайдалану кезеңі) құру. |
2023-2026 жж. |
Қолданыстағы Семей — Ақтоғай теміржол учаскесіне шыға отырып, Қазақстан-Қытай шекарасында «Бақты» үшінші теміржол шекара өткелін салу |
Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін 20 млн тоннаға дейін ұлғайту. 1,7 мыңнан астам уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 500 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2023-2027 жж. |
Қазақстан Республикасында 5G желісін салу |
Мобильді ғаламторға кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және деректерді беру жылдамдығының тиісті артуы. 100 жаңа жұмыс орындарын құру. |
2023-2027 жж. |
Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс магистралын тарту | Еліміздің өңірлік цифрлық хаб ретіндегі мәртебесін арттыру. Еуропадан Қытайға цифрлық дәліз құру, елдің телекоммуникациялық қауіпсіздігі мен ақпараттық егемендігін қамтамасыз ету, ағымдағы баңдарларды әртараптандыру. | 2023-2025 жж. |
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымының объектілері |
Экономикалық саладағы еркін экономикалық аймақ әлеуетінің тиімділігін арттыру. 400-ден астам уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 300 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2014-2026 жж. |
2 Әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы |
||
Жайлы мектептер | Оқушы орындары тапшылығы мәселесін шешу. Экономика мен бизнестің дамуына үлкен серпін бере алатын жобаны іске асыруға отандық тауар өндірушілерді тарту. | 2023-2026 жж. |
3 Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
||
ГРЭС-1-дің №1 энергия блогын қалпына келтіру | Энергия блогын қалпына келтіру, жаңа электр сүзгілерін орнату арқылы эмиссияларды азайту. 500-ден астам уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 54 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2012-2024 жж. |
№3 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және қайта құру | Сенімді электрмен жабдықтау мақсатында базалық электр өңдірудің қуатын 1,2 ГВт-тан астамға арттыру. 1,5 мыңнан астам уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 400 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2006-2027 жж. |
№4 ст. Энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту | 2022-2029 жж. | |
Таза көмір технологиясы негізінде №1 және №2 энергия блоктарын орнатумен Екібастұз ГРЭС-3 құрылысы | Қуаттылығы 1,2 ГВт-қа дейінгі таза көмір технологиясы негізінде базалық электр генерациясының қуатын арттыру. 1,5 мыңнан астам уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 500 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2023-2029 жж. |
Түркістан облысында қуаты 1 000 МВт-қа дейінгі БГҚ базасында электр станциясының құрылысы | Энергия тапшылығы проблемасын шешу, оңтүстік аймақтың шамадан тыс жүктеме сағаттарында энергия тұтыну шыңын тегістеу, ЖЭК-ті ұлттық энергетикалық жүйеге біріктіру үшін жағдайлар жасау. 2 мыңнан астам уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 500 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2022-2026 жж. |
Батыс Қазақстан энергетикалық жүйесін Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен бірікітіру | Еліміздің Батыс облыстары арасында 220 кВт электр желілерін күшейте отырып, Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Батыс аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың өткізу қабілеті мен сенімділігін арттыру, сондай-ақ болашақ жел және газ генерациясының ірі объектілерінің қуатын беруді қамтамасыз ету. 900-ден астам уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 20 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2021-2027 жж. |
Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жобасының бірінші кезеңі | Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету және Оңтүстік аймақ облыстары арасындағы электр байланысын күшейту үшін электр энергетикасы жүйесін күшейту.
400-ге жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 17 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2021-2026 жж. |
Қуаттылығы 600 МВт-қа дейінгі Алматы ЖЭО-2 БГҚ-ны жаңғырту | Станцияны газға ауыстыру және Алматының экологиялық жағдайына теріс әсерді азайту. Алматы және Алматы өңірінің тұтынушыларын сенімді және үздіксіз энергия және жылу энергиясын жабдықтаумен қамтамасыз ету. 700-ге жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 250 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2021-2026 жж. |
Станцияның қуатын 450 МВт-қа дейін ұлғайта отырып, БГҚ базасында Алматы ЖЭО-3-ті қайта құру | Станцияны газға ауыстыру және Алматының экологиялық жағдайына теріс әсерді азайту. Алматы және Алматы өңірінің тұтынушыларын сенімді және үздіксіз энергия және жылу энергиясын жабдықтаумен қамтамасыз ету.
650-ге жуық уақытша жұмыс орындарын құру (құрылыс кезеңі). |
2021-2026 жж. |
«Богатырь» кенішінде циклдік-ағынды аршу кешенінің (ЦААК) құрылысы | «Богатырь» кенішінің өндірістік қуатын арттыру. | 2023-2026 жж. |
4 Жаңартылатын энергия көздерін дамыту |
||
Power China-мен бірлесіп 810 МВт-қа дейінгі ЖЭС-ті салу | Жаңартылатын энергия көздерінің генерациясын 60 МВт-тан 810 МВт-қа дейін кеңейту. 400-ге жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 40 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2023-2030 жж. |
Қазақстанның оңтүстік-шығысында «Total Eren»-мен бірлесіп энергия жинақтау жүйесімен қуаты 1 ГВт-ты құрайтын ЖЭС-ті салу | Жаңартылатын энергияны көздерін өндіру, көмірқышқыл газы шығарындыларының алдын алу (шамамен 3 млн тонна СО2-балама). 400-ге жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 40 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. | 2022-2028 жж. |
«ACWA Power»-мен бірлесіп қуаты 1 ГВт-ты құрайтын жел электр станциясын салу | Жаңартылатын энергияны өндіру, көмірқышқыл газдың шығарылуын болдырмау. 400-ге жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 40 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2023-2029 жж. |
«Masdar»-мен бірлесіп қуаты 1 ГВт-ты құрайтын ЖЭС-ті салу | Жаңартылатын энергияны өндірісі, көмірқышқыл газдың шығарылуын болдырмау. 400-ге жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 40 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2023-2028 жж. |
«China Power International Holding Ltd.»-мен бірлесіп қуаты 1 ГВт-ты құрайтын ЖЭС-ті салу | Жаңартылатын энергияны өндірісі, көмірқышқыл газдың шығарылуын болдырмау. 400-ге жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 40 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2023-2028 жж. |
«Юнигрин Энерджи» компаниясымен қуаты 1 ГВт-ты құрайтын КЭС-ті салу | Жаңартылатын энергияны өндірісі, көмірқышқыл газдың шығарылуын болдырмау. 500-ге жуық уақытша жұмыс орындарын құру (құрылыс кезеңі). |
2025-2028 жж. |
5 Өнімдерді қайта бөлулер |
||
Полиэтиленді өндіру бойынша жоба | Технологиялық және жоғары маржиналды өнімдерін шығару есебінен экономиканың шикізат бағытынан кету, көмірсутек шикізатынан өндірілетін өнімдер қоржынын кеңейту. 8 мыңға жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 800-ден астам тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. Газ айыру кешенің құрылысы кезеңінде 4 мыңға жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 138-ден астам тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2022-2028 жж. |
«Полиэтилен» жобасы үшін газ айыру кешенінің құрылысы | 2018-2028 жж. | |
Жаңаөзен қ. жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы | Маңғыстау облысының халқы мен өнеркәсіп кәсіпорындарын өнеркәсіптік және әлеуметтік маңызы бар отынмен қамтамасыз ету. Құрылыс кезеңінде 400 — ге жуық жаңа жұмыс орны, пайдалану кезеңінде-171 жұмыс орны құрылатын болды. 400-ге жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 171 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2018-2026 жж. |
«Қашаған» газ өңдеу зауытының құрылысы (1-кезең) | Елді одан әрі газдандыру үшін ресурстық базаны ұлғайту, Қазақстанның газ өңдеу саласын дамыту. 2 мыңға жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 600 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2021-2026 жж. |
Қуаттылығы жылына 800 мың тонна құрайтын күкірт қышқылы зауытын салу | Импортты алмастыру (импорт: 2021 ж.≈ 10%, 2022 ≈ 38%). Таза электр энергиясының ілеспе өндірісі 30 МВт. 700-ге жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 121 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2022-2026 жж. |
«Шалқия» полиметалл кен орнын игеру | Қорғасын-мырыш кені ресурстық базасын кеңейту. 1,1 мыңға жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 1,5 мың тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2015-2026 жж. |
«Алайғыр» кен орнын игеру | Түсті металлургияның технологиялық тұрғыдан озық кіші саласын дамыту және полиметалл кендерін қайта өңдеу өнімдерінің импортын алмастыру. 250-ге жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 500 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2013-2026 жж. |
6 Таза ауыз суға қол жеткізу |
||
«Кендірлі» теңіз суын тұщыландыру зауытын салу | Жаңаөзен қаласының халқы мен кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету және «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырына жүктемені азайту. 200-ге жуық уақытша жұмыс орындарын (құрылыс кезеңі), 100 тұрақты жұмыс орындарын (пайдалану кезеңі) құру. |
2021-2025 жж. |