Қайырымдылық және әлеуметтік жобалар
Біз қайырымдылық жобалар, демеушілік және корпоративтік волонтерлікті насихаттау арқылы еліміздің әлеуметтік дамуына үлес қосамыз. GRI 203-2 GRI 3-3
Компания әрекет ететін өңірлердегі әлеуметтік қолдау
Қордың қоржындық компаниялары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар аясында әлеуметтік маңызы бар объектілерді, спорт кешендері құрылысын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және т.б. қаржыландыруды іске асыруда. 2023 жылы Қордың компаниялар Тобы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы 54 млрд теңгеге жетті. GRI 203-1


Бірыңғай оператор — «Samruk-Kazyna Trust» КҚ арқылы қоржындық компаниялармен бірлескен қайырымдылық жобалары
Жалпы, 2023 жылы 7,2 млрд теңгені құрайтын 46 жоба жүзеге асырылды. Бұл жобалар 524 мың қазақстандықты қамтыды. Олардың ішінде аналар мен балалар — 97 мың адам, ауыл халқы — 87 мың адам, жұмыспен 700 адам қамтылды.
Қайырымдылық бағдарламасының бағыттары, млн теңге

Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында біз Медициналық және оңалту көмегінің қолжетімділігін арттыруға, емдеудің заманауи тәсілдерін пайдалануға, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударамыз. Атап айтқанда, 2023 жылы 13 орталық іске қосылды: 7 ерте араласу орталығы, аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған 5 орталық және 1 оңалту орталығы.
Онкологиялық аурулары бар 500-ден астам бала Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында заманауи жабдықтармен емделді.
«Балаларға өмір сыйла» жобасы аясында ҚР-да диагнозы емделмейтін 61 балаға шетелдік емдеу ақысы төленді.


Біз бірнеше жыл бойы шалғайдағы ауыл тұрғындарына тегін медициналық-құқықтық көмек көрсету бойынша «Медициналық пойыздар» жобасын қолдап келеміз. 2023 жылы 100 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетілді. Медициналық пойыз ҚР барлық облыстарында 121 шалғай станция бойынша жүрді. Бұл ретте 2023 жылға дейін пойыз құрамында дәрігерлер ғана болды, сол жылы медиаторлар мен заңгерлер қосылды.
23 елді мекенде 1 100-ден астам ерекше балалар қатысатын тегін бейімделген спорт секциялары ашылды.
Білім
Білім беру саласында біз сапалы білім алу, адами әлеуетті дамыту үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау бойынша жұмыс істейміз.
Біз қолдайтын «Туған елге саяхат», «All ability camp», «Шекарасыз жаз» жобалары аясында 1 000-нан астам балалар мен олардың ата-аналары үшін жазғы танымдық және спорттық-инклюзивті лагерьлер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, экологиялық-ағарту жобасы аясында ШҚО-да өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу және экологиялық сананың жаңа түрін қалыптастыру үшін облыстық кітапхана базасында қаланың ауасын, суын және топырағын зерттеуге арналған жабдықтармен және жиынтықпен жабдықталған эко-зертхана құрылды.
Спорт пен мәдениет
Біздің спорт саласындағы әлеуметтік жобалар арқасында өңірлерде заманауи спорттық инфрақұрылым пайда болып жатыр. 2023 жылы Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 ірі спорт кешені салынды.
Креативті индустрияны дамыту аясында Ақтөбе облысының облыстық жасөспірімдер кітапханасының ғимараты толығымен жаңартылып, ғылым мен заманауи шығармашылықтың креативті орталығына қайта жандандырылды.


Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау
Мектепке жол» республикалық қайырымдылық жобасы аясында 15 мың бірінші сынып оқушысына көмек көрсетілді. Әлеуметтік көмекті үлестірген кезде мұқтаж ауыл тұрғындарына басымдық берілді. Сыйлықтарды жеткізу мен ұсынуды Қор Тобының волонтерлері мен жұмыскерлері жүзеге асырады.
Корпоративтік волонтерлік
Қордың компаниялар тобында SK volunteer Еріктілер лигасы жұмыс істейді, ол компаниялар тобының барлық жанашыр жұмыскерлерін біріктіреді.
Волонтерлік төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor — мұқтаждарға қамқорлық, Umit — қоғамдық волонтерлік, Asyl mura — Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan — табиғатты сақтауға үлес.

Біз төтенше жағдайларға да жауап қайтаруға тырысамыз. Мәселен, 2023 жылы Қор Абай облысында өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге жолдады. Бұл қаражат эвакуацияланған елді мекендердің тұрғындарына, сондай-ақ өртті сөндіруге қатысқан мамандарға гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған.

