Директорлар Кеңесі мүшесінің жолдауы

Құрметті оқырмандар!

Сіздерге осы жылдар ішінде біздің қызметіміз туралы ақпаратты ашудың маңызды элементіне айналған Қордың тұрақты даму саласындағы кезекті, сегізінші есебін қуана ұсынамын. Біз барлық мүдделі тараптарға сапалы және пайдалы ақпарат беру үшін есептілігімізді жетілдіру бойынша үнемі жұмыс істейміз.

Болат Бидахметұлы Жәмішев

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ Тәуелсіз директоры

2023 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі - «Самұрық-Қазына» АҚ Жалғыз акционерімен – Қордың 2023-2032 жылдарға арналған Даму жоспары бекітілген. Тұрақты даму – ESG қағидаттарын енгізу – біз үшін жұмыстың стратегиялық бағыты болып қала береді. Адамдардың әл-ауқаты мен экожүйелерді сақтау, сондай-ақ корпоративтік басқарудың тиімді және айқын жүйесін сақтау ұзақ мерзімді тұрақты өсу мен активтердің дамуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. GRI 2-22

2023 жыл еліміздің экономикасына өз үлесімізді қосуға мүмкіндік беретін айтарлықтай қаржылық және операциялық нәтижелермен ерекшеленді. 2023 жылы біз Үкіметке 1 469 млрд теңгеден астам қаржы бөлдік. Соның ішінде дивидендтер түрінде біз 1 269 млрд теңге мөлшеріндегі рекордтық соманы төледік. Мемлекеттің әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларын қолдауға 133 млрд теңге бағытталды. Атап айтқанда, 2023 жылдан бастап Қор «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының атына таза табыстың кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөліп тұрады. «Қазақстан халқына» ҚҚ қазақстандықтардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы өзекті мәселелерін және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асырады. 2023 жылы Қоғамдық қорға 67 млрд теңге бағытталды.

Корпоративтік басқарудың мықты жүйесін қамтамасыз ету

Корпоративтік басқару жүйесін дамытуда біз халықаралық қоғамдастықпен және қазақстандық мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істейміз. 2023 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның квазимемлекеттік секторындағы корпоративтік басқару бойынша ауқымды шолуды аяқтады, онда қазақстандық мемлекеттік кәсіпорындарға қолданылатын корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді. ЭЫДҰ сарапшыларының көмегімен Қордың Корпоративтік басқару кодексі жаңартылып, жетекші қор биржаларының (ЭЫДҰ және Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексі) Премиум сегментіндегі листинг ережелерінің ең қатаң нұсқамаларына сәйкес келтірілді. Кодекстің жаңа редакциясы Қор Тобына инвестициялар тартудың негізі болып табылады.

Біздің қоржында IPO-ға әлдеқашан шыққан немесе болашақта мұны жоспарлап отырған компаниялар бар. Азаматтарға бұл сенімді қаржы құралдары арқылы қосымша табыс алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте кәсіби Директорлар кеңесінің болуы инвесторлардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуі мүмкін.

Сондықтан біз Қордың барлық қоржындық компанияларында Директорлар кеңестері мен Байқаушы кеңестерінің құрамын күшейту және сапалы жаңарту бойынша жұмысты жоспарлы түрде жүргізудеміз. Қорда еліміздің жетекші мамандары жинақталған. Мысалы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңесінің қамқорлығымен ұйымдастырылған корпоративтік басқару жөніндегі форумда «ҚазМұнайГаз» ҰК ДК бірден екі мүшесі өз саласында үздік деп танылғанын қуанышпен атап өткім келеді: Сая Найманбайқызы Мыңшарипова «Тәуелсіз директор 2023» және Арман Әнуарбекұлы Аргингазин «Директорлар кеңесінің Төрағасы 2023» номинацияларында.

Біз гендерлік теңдікке және компаниялардың басқару органдарында әйелдердің қатысу үлесін арттыруға жәрдемдесеміз. Корпоративтік басқару кодексі Директорлар кеңесі және Қор Тобының атқарушы органдары құрамының кемінде 30%-ын әйелдер құрайтынын ұсынады. Біздің міндетіміз – 7 жыл ішінде шешім қабылдау органдарындағы әйелдердің үлесін екі есе арттыру. Атап айтқанда, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп, мемлекет қатысатын компаниялардың басқару органдарындағы әйелдердің үлесін арттыру бойынша «Гендерлік теңдік» бағдарламасы жүзеге асырылды. Жоба басқарушылық дағдыларды дамытуға және әйел көшбасшыларды дайындауға бағытталған. Нәтижесінде 71 адамнан тұратын әйелдер көшбасшыларының пулы құрылды.

Қызметтің ашықтығы және ашық диалог

Қоғаммен өзара тиімді, тұрақты және тікелей диалог құру Қордың Қоғамдық кеңесі қызметінің басым бағыты болып табылады. 2023 жылы Қоғамдық кеңестің 12 отырысы өткізіліп, онда Қор мен қоржындық компаниялар жұмысының нәтижелері тыңдалды және Қор басшылығы азаматтарды толғандыратын өзекті сұрақтарға жауап берді. Жұртшылық көтерген маңызды тақырыптарға: Қордың сатып алу мәселелері, компанияларды бәсекелестік ортаға шығару, даму жоспары, өндірістік қауіпсіздік саласындағы қоржындық компаниялардың қызметі, инвестициялық жобаларды іске асыру мәртебесі, сондай-ақ корпоративтік басқарудағы өзгерістер кірді.

Қоржындық компаниялардың жаңа жария мәртебесі ашықтықты арттыруға және әлемдік стандарттарға сәйкес корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге қосымша серпін береді.

Атап айтқанда, біз тұрақты даму саласындағы озық халықаралық стандарттарға (GRI, SASB, TCFD, CDP) сәйкес келетін жылдық есептерді жасау тәжірибесін енгіздік, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы көрсеткіштердіңе тәуелсіз растамасын аламыз.

Корпоративтік басқару саласындағы үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес Қордың Сантьяго қағидаттарына сәйкестігі туралы өзін-өзі бағалау есебі дайындалып, Егеменді әл-ауқат қорлары басқарушыларының халықаралық тобына (International Forum of Sovereign Wealth Funds (IFSWF) жіберілді. Сантьяго қағидаттарын ұстану Қордың халықаралық қаржы нарықтарының стандарттарына сәйкес тиімді басқару және инвестициялау тетіктерінің теңшелгеніне себептеседі.

Біз тұрақты дамудың үздік халықаралық тәжірибелерін Қордың бүкіл Тобы бойынша басқару жүйесіне біріктіруге ұмтыламыз. Осы мақсатта, сонымен қатар, біз компаниялардың ESG рейтингтерін алу тәжірибесін кеңейтеміз. 2023 жылы ең ірі қоржындық компаниялардың жетеуі Sustainalytics, S&P Global және/немесе CDP (Carbon Disclosure Project) әлемдегі жетекші талдау агенттіктерінің ESG рейтингтерін алды. Соның ішінде бес компания оларды алғаш рет алды. Бағалау нәтижелері даму бағыттары әрдайым бар болғанымен, корпоративтік басқару мен тұрақты даму мәселелерін басқарудың ағымдағы деңгейі компанияларда жоғары деңгейде құрылғанын көрсетеді.

Біз корпоративтік басқару жүйесін одан әрі дамыту және өзекті әлемдік өзгерістерді енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыратын боламыз. Біздің одан арғы басымдықтарымыз – Қордың бүкіл Тобы бойынша басқарудың үздік халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету, ашықтықты сақтау және қоғаммен нәтижелі қарым–қатынас жасау, Қор компаниялары Тобында орнықты даму тәжірибесін енгізу.