Кәсіби даму

Біз кадрларға жаңа мамандық беру және жұмыскерлер құрамын дамытуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігі мен өзгерістерге тұрақтылығына өз үлесімізді қосамыз. GRI 3-3

Жұмыскерлердің біліктілігін дамыту 70/20/10 қағидатына негізделген, онда әрбір жұмыскер жеке даму жоспарына сәйкес өзінің оқуы мен дамуы үшін жауапты болады. Біз біліктілігі жоғары кадрлық әлеуетті құру үшін өздігінен дамуға, оқытуға, коучингке, тәлімгерлікке, функционалдық академияларға, HR-жобаларға және Қор Тобы ішіндегі кәсіби қауымдастықтарға инвестициялаймыз. GRI 3-3

Жұмыскерлер құрамын оқыту

2023 жылы Қор Тобының 1 жұмыскері орташа есеппен 23 академиялық оқу сағатынан өтті (2022 жылы — 19 сағат). GRI 404-1

2023 жылға кадрларды оқытудың жалпы сағат саны 6,2 млн. сағатты құрады (өндірістік персонал — жылына 5,6 млн сағат, әкімшілік және басқару персоналы — жылына 0,5 млн сағат).

Сондай-ақ қоржындық компанияларда Тұрақты даму мәселелері бойынша оқыту өткізілуде. Мысалы, жұмыскерлердің ESG озық тәжірибелері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында 2023 жылдың екінші тоқсаны ішінде электр энергиясы мен және жылу өндіру секторында барлық деңгейдегі жұмыскерлер үшін «Жаһандық климаттық келісімдер», «Парниктік газдарды ұлттық реттеу», «ESG қағидаттары/тәжірибесі», «Көміртектік цикл, климаттың өзгеруі, мониторинг әдістері», «ЖЭК: жаһандық трендтер және ҚР-дағы даму», «Корпоративтік стратегиялар» тақырыптары бойынша корпоративтік оқыту ұйымдастырылған болатын. Оқытуды USAID қаржыландыратын «Орталық Азия Энергетикасы» жобасын жүзеге асыратын Tetra Tech ES, Inc. корпорациясы жүргізді.

Жұмыскерлерді жынысы және персонал санаттары бойынша бөлуде оқытудың академиялық сағаттарының орташа саны, сағат

Біз жұмыскерлеріміздің дарыны мен ыждағатты қызметін бағалаймыз. Дарындарды басқарудың негізгі қағидаттарына Қордың кадрлық әлеуетін бизнес-стратегияға дамыту, айқындық пен әділдік, нақты қажеттіліктерге сай болатын мұрагерлер пулын құру, мансаптық жоспарларды талқылау және жұмыскерлердің өз бөлімшелерінен тыс мансабын дамыту кіреді.

Қор жұмыскерлерінің қызметін тұрақты бағалауды жүргізу ішкі нормативтік құжаттармен реттеледі. Өнімділігі мен мансап дамуының жүйелі бағасын (қызметті бағалау) алған жұмыскерлер саны 43 384 адамды құрайды, бұл ретте жұмыскерлердің үлесі бүкіл Қор бойынша тізімдік санның 16%-ын құрайды. GRI 404-3

«Samruk Business Academy» жеке компаниясымен бірге дамыту форумдары мен білім беру бағдарламаларын өткіземіз. IAAR агенттігінде халықаралық аккредиттеуден өткен барлық білім беру бағдарламалары мен білім беру ұйымдары еуропалық деректер базасына — DEQAR (the database of External Quality Assurance Results) енгізіледі, бұл білім беру бағдарламалары мен ұйымдарының ESG әлемдік сапа стандарттарына сәйкестігін растайды.