Басқарма Төрағасының жолдауы

Құрметті әріптестер мен достар!

Қор Тобы үшін өткен жыл әр түрлі салалардағы нәтижелі жұмыс пен әсерлі нәтижелер кезеңі болды. Қор қойылған міндеттерді ойдағыдай орындап, белгіленген мақсаттарға қол жеткізді.

Нұрлан Қаршағұлы Жақыпов

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы

2023 жыл Қор үшін маңызды болды. Біз Қордың 15 жылдығы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниясының IPO-ға шығуының бес жылдығы және «KEGOC» АҚ ұлттық компаниясының табысты SPO-сы сияқты маңызды мерейтойлар мен жетістіктерді атап өттік.

Әсіресе, Қазақстанның авиация саласы үшін тарихи сәтті атап өткім келеді: «Эйр Астана» АҚ авиакомпаниясының 2024 жылғы ақпандағы үш жетекші қор биржасындағы листингі. Бұл инвесторлардың сенімін көрсетіп, бізді әлемдік нарықта сенімді және перспективалы ойыншы ретінде таниды. Осылайша, бүгінде қор нарығында нарықтық капиталдандыруы 32 млрд АҚШ долларын құрайтын Қор Тобының 7 компаниясы саудаланады.

Бүгінгі таңда Қор – 267 мыңнан астам жұмыскерді біріктіретін үлкен отбасы. Қор елдің бизнес-тәсілдердегі драйвері және көшбасшысы болып, ел экономикасының жағдайына үлкен әсер етеді. Қордың 2023 жылы Қазақстанның тұрақты дамуына қосқан үлесі келесі бағыттар бойынша 10,1 трлн теңгеге бағаланады.

Стратегиялық тәсіл

2023 жылдың қорытындысы бойынша Акционердің үлесіне шаққандағы таза пайда 1,7 трлн теңгені құрады, ал EBITDA көрсеткіші тіпті мұнай бағасының 18%-ға төмендеуі және ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін газ экспортының төмендеуі кезінде де 4,5 трлн теңге деңгейінде қалыптасты.

2023 жылы Қор Мемлекетке салықтар, дивидендтер және басқа да бөлулер түрінде 3 461,3 млрд теңге мөлшеріндегі рекордтық соманы төледі.

Қордың компаниялар Тобының инвестициялық қоржынына жиынтық сомасы ~49 трлн теңгені құрайтын 130-дан астам инвестициялық жоба кіреді. Бұл жобалар ел экономикасы мен жекелеген салалар үшін маңызды өсу нүктесіне айналады, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және жоғары әлеуметтік-экономикалық маңызға ие болады.

2023 жылы жалпы сомасы 1,1 трлн теңгені құрайтын 15 жобаны іске асыру аяқталды. Мәселен, үш жаңа газ кен орны іске қосылды, онда табиғи газ өндіру толық көлемде игерілгенде жылына 1,1 млрд текше метрден астам газды құрайтын болады. Қазақстанның батысында тұтынушыларды сенімді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін «Мақат-Солтүстік Кавказ» газ құбырын кеңейту жобасы іске асырылып, «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісінің өткізу қабілеті арттырылды. «Сарша» аумағын және «Жылы жағажай» курорттық аймағын газдандыру жобасы аяқталды. Жоба өңірде ауыл жылыжай шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ туристік объектілерге инвестициялар тартуға және өңірдегі бизнесті дамытуға себептесетін болады. Бұдан басқа, жоба өңірдегі су тапшылығы мәселесін де шешуге жағдай туғызатын болады. Газдың жаңа көлемін негізгі тұтынушылардың бірі газбен тұщыландыру зауыты болуы тиіс.

Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары, кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы үшін қосымша 60 мың текше метр ауыз су көздеріне айналатын «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырын кешенді қайта құру жұмыстары аяқталды.

Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желісін күшейту жөніндегі стратегиялық маңызды жоба іске асырылып, оның шеңберінде 780 км электр беру желілері салынды, бұл өткізу қабілетін екі еседен астам ұлғайтты.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы ең ірі орталықтардың біріне айналған Астанадағы Қазпошта жаңа логистикалық орталығының ашылуы да маңызды сәт болды. Бұл орталық пошта арқылы жеткізу қызметтерінің сапасын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар біздің елімізде электрондық коммерцияның дамуына ықпал ететін болады.

Біз сондай-ақ заманауи байланыс технологияларына инвестиция салуды жалғастырудамыз. 1 157 5G базалық станциясы орнатылды, бұл халыққа білім беру, жұмыс және кәсіпкерлік саласында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Әлеуметтік үлес

Біздің 2023 жылдағы әлеуметтік үлесіміз 396 млрд теңге сомасына бағаланады, оған әлеуметтік жобаларға, жұмыскерлер мен өңірлерді қолдауға, қайырымдылыққа, сондай-ақ өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған түрлі іс-шараларды қаржыландыруға жұмсалатын түрлі шығыстар кіреді.

«Vision Zero» нөлдік жарақаттану» қағидатын ұстана отырып, біз жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек заңнамалық талаптарды орындау ғана емес, сонымен қатар жұмыскерлер, олардың отбасылары, сондай-ақ жалпы қоғам алдындағы моральдық борышымыз екеніне сенімдіміз. 2023 жылдың қорытындысы бойынша LTIF коэффициенті 2022 жылмен салыстырғанда 13% - ға төмендеп, 0,143- ке жетті.

Инклюзияны дамыту жөніндегі бастама шеңберінде 2021 жылдан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында 34 оңалту орталығы (15 оңалту орталығы, 14 ерте араласу орталығы, аутизмі бар балаларға арналған 5 орталық) ашылды, соның ішінде 2023 жылы 13 (7 ерте араласу орталығы, аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған 5 орталық және 1 оңалту орталығы). Осылайша, 30 мыңнан астам бала тегін оңалтумен қамтылды. Келесі жылы қамтуды 35 мың балаға дейін ұлғайту, орталықтардың санын 50-ге жеткізу жоспарлануда.

Қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы арқылы Қор Тобы 2023 жылы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласында құны 7,2 млрд теңге құрайтын 46 жобаны іске асырды, - көмекпен 524 мың адам қамтылды.

Төмен көміртекті даму мен қоршаған ортаны қорғаудағы үлес

2023 жылы біз елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында энергетика секторына инвесторлар мен серіктестерді тартуда айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Total Open, Masdar, ACWA Power және China Power International Holding сияқты ірі шетелдік серіктестермен қуаттылығы 4 ГВт-ты құрайтын ЖЭК жобалары, соның ішінде энергияны сақтау жүйелері бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Парниктік газдар эмиссияларын қысқарту бойынша жұмыс істей отырып, біз Алматы ЖЭО-ны көмірден газға ауыстыру жобасын іске асырамыз. Қордың қоржындық компаниялары қол жетімді үздік техниканы енгізеіп, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту үшін сүзгілерді және шығарындыларды бақылаудың автоматты жүйелерін орнатады.

2023 жылы энергетика секторында ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мақсатында 1,6 млрд теңге сомасына шаң-газ тазарту жүйелеріне жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Эмиссиялар тұрғысынан ең ірі 8 объектіде қоршаған ортаға эмиссияларды нақты уақыт режимінде мониторингілеуге мүмкіндік беретін эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелері орнатылған. Келесі жылы мұндай жүйелер тағы 4 нысанға орнатылатын болады.

Соңында Қор Тобының жұмыскерлерін, сондай-ақ серіктестер мен стейкхолдерлерді Қордың мерейтойымен құттықтағым келеді. Сіздерге денсаулық, қуат, амандық және жаңа жеңістер тілеймін! Біз бірге әсерлі нәтижелерге қол жеткізуді жалғастыра аламыз және акционерлеріміз, клиенттеріміз және жалпы қоғамымыз үшін құндылық жасай аламыз.

3 LTIFR 2023 жылы 0,26-ға тең.