Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу — біздің стратегиялық басымдығымыз. Біз табиғи және әлеуметтік қоршаған ортаның амандығын, сондай-ақ экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Бұл жұмыстағы маңызды табысқа жету факторы болып тұрақты даму қағидаттарын корпоративтік басқару жүйесіне біріктіру табылады.
Қордың корпоративтік басқару құрылымы:
GRI 2-9

Біздің жалғыз акционеріміз болып Қазақстан Республикасының Үкіметі табылады. Оның өкілеттіктеріне Қордың Даму стратегиясын бекіту, директорлар мен Басқарма Төрағасын тағайындау, қаржылық нәтижелерді бекіту және дивидендтер алу кіреді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қордың Директорлар кеңесінің Төрағасы болып табылады.
Директорлар кеңесі отырыстарының саны

Тұрақты даму мәселелері
Тұрақты даму мәселелерін басқару корпоративтік басқару жүйесіне біріктірілген, осының арқасында бұл мәселелер әртүрлі деңгейлерде қаралады: жоғары стратегиялық басқару органы — Директорлар кеңесінен бастап, атқарушы органдар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына дейін. GRI 2-12
Директорлар кеңесі тұрақты даму саласындағы стратегиялық мәселелерді қарайды. Тұрақты даму саласындағы есепті қарайды және оны бекітеді. GRI 2-14
Даму стратегиясы мен жоспарына, оның ішінде орнықты дамуға байланысты мәселелерді Директорлар кеңесі тоқсан сайын қарайды — жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігі қаралады. . GRI 2-12
Директорлар кеңесінің комитеттері, әсіресе тұрақты даму бағыты бойынша мәселелерді терең қарастыруға және қабылданған шешімдердің сапасын арттыруға себептеседі.
Директорлар кеңесі жанында келесі комитеттер жұмыс істейді:
- Аудит жөніндегі комитет;
- Стратегия жөніндегі комитет;
- Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет;
- Түрлендіру бағдарламасының іске асырылуын бақылау жөніндегі комитет;
- Мамандандырылған комитет. GRI 2-9
Басқарма Қордың операциялық қызметіне басшылық жасайды, экономикалық мәселелерді, сондай-ақ тұрақты даму мәселелерін шешеді, стратегияның іске асырылуына жауапты болады. Басқарма тоқсан сайын Директорлар кеңесіне Қор қызметінің нәтижелері туралы есеп беріп тұрады. Тұрақты даму саласындағы жұмысқа тартылған бейінді бөлімшелер Басқарма алдында есеп береді. GRI
2-12 GRI 2-13
Басқарма жанында тұрақты даму саласындағы келесі комитеттер жұмыс істейді:
- Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет;
- Тұрақты даму жөніндегі комитет;
- Ғылыми-техникалық кеңес;
- Инвестициялық және стратегиялық комитет.
Қордың қоржындық компаниялары қаржылық емес ақпаратты ашу сапасын арттыру бойынша жұмыс істейді, және тұрақты даму саласындағы жыл сайын қаржылық емес есептілікті немесе біріктірілген жылдық есепті жариялап отырады. Біз халықаралық тәжірибедегі қолданыстағы және жаңа стандарттардың (SASB, TNFD, GRI, ISSB, CDP) жетілдірілуін қадағалап тұрамыз және оларды Қорда және қоржындық компанияларда бейімдеу бойынша жұмыстарды жүргіземіз.
Директорлар кеңесін іріктеу
Директорлар кеңесінің мүшелерін, соның ішінде тәуелсіз директорларды және Директорлар кеңесінің төрағасын таңдау және сайлау өлшемшарттары Қор Жарғысында, Корпоративтік басқару кодексінде және Директорлар кеңесі туралы Ережеде айқындалған, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарды ескереді.
Корпоративтік басқару кодексінің жаңа редакциясы Қор Тобының Директорлар кеңесі мен атқарушы органдарына кемінде 30% әйелдерді енгізуді ұсынады. Біздің мақсатымыз — 7 жыл ішінде шешім қабылдау органдарында әйелдер үлесін екі есеге арттыру.
Қор Тобының комплаенс бөлімшелері кандидатты Директорлар кеңесі/Байқаушы кеңестер мүшелері ретінде сайлау үшін кандидаттар тізіміне қосқанға дейін қоржындық компаниялардың кандидаттарының тәуелсіздік 20 өлшемшарттарына21 сәйкестігі және аффилирленуінің болуы туралы қорытынды береді. GRI 2-10
Қордың Директорлар кеңесінің құрамы келесі тұлғалардан құрылады:
- мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы — Қордың жалғыз акционерінің өкілі;
- Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
- үш тәуелсіз директор;
- Қордың басқарма төрағасы. GRI 2-9
2023 жылы Қордың Директорлар кеңесінің құрамы 7 тұлғадан тұрған, оның 3-і тәуелсіз директорлар болып, олардың үлесі 43%-ды құрады, бұл озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. GRI
2-9
Акционерлердің жалпы жиналысы кандидаттардың құзыреттерін, дағдыларын, жетістіктерін, іскерлік беделін және кәсіби тәжірибесін ескере отырып, анық және ашық рәсімдер негізінде Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. GRI 2-10
Директорлар кеңесінің мүшелері үш жылға дейінгі мерзімге сайланады, кейіннен қызметтің қанағаттанарлық нәтижелері болған жағдайда тағы үш жылға дейінгі мерзімге қайта сайлау болуы мүмкін.
20 Тәуелсіздік өлшемшарттары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған.
21 Қордың Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес.

Тұрақты даму саласындағы рейтинг
Прогресті, оның ішінде корпоративтік басқару саласындағы прогресті қадағалау үшін біз Қордың қоржындық компанияларын ESG-критерийлері бойынша тәуелсіз халықаралық рейтингтік агенттіктермен бағалау тәжірибесін енгіздік және кеңейтетін боламыз.
Біздің стратегиялық мақсатымыз — 2032 жылға қарай «ESG-рейтинг» көрсеткіштері бойынша 70% перцентильге кіру (аралық мақсаттармен: 2025 жылға қарай 40% перцентильге және 2028 жылға қарай 60%-ге кіру).
Қордың қоржындық компаниялары 2023 жылы Қазақстан компаниялары арасында да, әлемдік аренада да ESG-рейтингтерінде тамаша нәтижелер көрсетті:
Мүдделер қақтығысын болдырмау
GRI 2-15
Біз өз қызметімізде және шешім қабылдау үдерістерінде мүдделер қақтығысын болдырмаудың маңыздылығын мойындаймыз. Бізде осындай қақтығыстарды болдырмау жөніндегі міндеттемені қамтып көрсететін Мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі саясат бар. Барлық жұмыскерлер мен директорлар мүдделер қақтығысына қатысты өз міндеттемелері мен жауапкершіліктерін сезінеді және қолданыстағы Саясатты толығымен ұстанады.
Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы төлеу саясаты
Тәуелсіз директорларға сыйақының мөлшері мен төлеу шарттарын Қордың Жарғысына сәйкес Қордың Жалғыз акционерімен анықталады22. GRI 2-19 GRI 2-20
Тәуелсіз директорға сыйақы төлеу олардың Қор мүдделері үшін міндеттерін адал атқаруы және отырыстарға қатысуы негізінде анықталады. GRI 2-19
Әдетте, Директорлар кеңесінің мүшелеріне жыл сайынғы тұрақты сыйақы, сондай-ақ Директорлар кеңесіне төрағалығы, Директорлар кеңесі комитеттеріне қатысқаны және төрағалығы үшін қосымша сыйақы төленеді. GRI 2-19
Басқарма мүшелеріне төленетін сыйақы тұрақты және ауыспалы құрамдастарды қамтиды23. Ауыспалы құрамдас орта мерзімді мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға байланыстырылған және Директорлар кеңесі бекіткен Қордың корпоративтік және функционалдық ПӘК-ке сәйкес белгіленеді. Нәтижеге байланыстырылған сыйақыға қатысты анық мақсатты өлшенетін ПӘК айқындалды. Сыйақыны анықтау саясаты мен үдерісі туралы қосымша ақпаратты Қордың 2023 жылға арналған жылдық есебінде тауып алуға болады.
22 Үшінші тарап кеңесшілері сыйақыны анықтауға қатыспайды.
23 ДК және Басқарма мүшелерінің сыйақысына жұмысқа қабылдау кезінде бонустар немесе көтермелеу төлемдері, жұмыстан босату кезінде төлемдер, қайтарулар, зейнетақы төлемдері кірмейді. GRI 2-19
