Тұрақты даму мақсаттары

Біз тап болатын сын-қатерлерге табысты жауап қайтару үшін біз өз алдымызға өршіл мақсаттар қоямыз. Қор және оның қоржындық компаниялары Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі — БҰҰ ТДМ), БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына, БҰҰ-ның жауапты инвестициялау қағидаттарына және Экватор қағидаттарына бейілділікті бөліседі.

Біз стратегияның, мақсаттар мен міндеттердің БҰҰ ТДМ-де, Климат жөніндегі Париж келісімінде көрсетілген мақсаттарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, тұрақты дамудың жалпы мақсаттарына, сондай-ақ тиісті ұлттық және өңірлік мақсаттарға келісімділігін қамтамасыз етеміз. Тұрақты даму жөніндегі іс-шаралар Қордың Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына (Даму жоспарына) қосылған.

Тұрақты даму мақсаттары

Түйінді бастамалар ТДМ Мақсат Мақсатты көрсеткіш 2023 жылы қол жеткізілген көрсеткіш
Корпоративтік басқару

Қор Тобының ESG-рейтингі

Қор компанияларының басшылық органдарындағы әйелдер үлесін арттыру

Қордың және қоржындық компаниялардың ДК құрамындағы тәуелсіз директорлардың үлесі

2032 жылға қарай 70 перцинтиль

2030 жылға қарай 30%

50% деңгейінде ұстап тұру

Орташа өлшенген ESG рейтингі 57 перцинтиль

Қоржындық компаниялардағы ДК-дегі/БК-дегі әйелдер үлесінің орташа өлшенген көрсеткіші Басқармадағы құрамында 13%-ды және 17%-ды құрайды (2022 жылы 14% және 15%).

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС қоржындық компаниясында БК құрамында 67%-ы әйелдер.

Қордың Директорлар кеңесінің құрамына 3 тәуелсіз директор кіреді 43% (2022 жылы 43%).

H&S озық тәжірибелері

LTIF 0,12-ге жету

2027 жыл

LTIF 0,14-ке тең (2022 жылы 0,16).11

Адам капиталын дамыту

Кадрлық әлеуетті арттыру, жаңа салаларда құзыреттілікті нығайту

Бір жұмыскерге шаққандағы оқу сағаттарының орташа саны 23 академиялық сағатты құрады (2022 жылы – 19 сағат).

232 081 жұмыскер ҚР еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптары шеңберінде оқытылды.

59 176 жұмыскер ҚР заңнамасынан тыс курстарда оқытылды.

Ресурстарды үнемдеу

Өндірістік қызметтің энергиялық сыйымдылығын төмендету

-10% 2027 жылға қарай

Энергетикалық ресурстардың жиынтық үнемделуі-2021 жылғы энергия тұтынумен салыстырғанда 6% 12 (қысқарту жөніндегі бастамалар нәтижесінде энергия тұтынуды қысқарту – 2023 жылы 11 497 мың ГДж).

Ашықтық, транспаренттік және комплаенс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйелерінің ISO 37001:2016 «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйелері» және ISO 37301:2021 «Сәйкестікті басқару жүйесі» халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификаттау

2027 жылға дейін Комплаенс функциясын дамыту стратегиясы бекітілді.

Әлеуметтік жауапкершілік

Корпоративтік құндылықтарды енгізу және корпоративтік мәдениетті дамыту бойынша іс- шараларды іске асыру

Аз ақы төленетін мамандықтар мен лауазымдар жұмыскерлерінің жалақысын көтеру

2023–2027 жж.

2023–2027 жж.

Адам капиталын дамыту атты басты тақырыбымен «Болашағымыз – бірлікте!» HR-форумы өтті.

2% - дан 33% - ға дейінгі диапазонда жалақысы төмен лауазымдарға баса назар аудара отырып, шамамен 243 мың жұмыскердің жалақысы көтерілді.

Көміртексіздендіру

Тікелей және жанама парниктік газдар шығарындыларын азайту (1-ші және 2-ші қамту)

Электр энергиясын сатып алуда төмен көміртекті генерация үлесін арттыру

2032 жылға қарай ≥ [-10%]

2032 жылға қарай 45%

Парниктік газдардың шығарындылары 2021 жылмен салыстырғанда 14%-ға қысқарды.

Электр энергиясын сатып алудағы төмен көміртекті генерацияның үлесі 2022 жылғы деңгейде қалды – 1%-дан аз.

«Жасыл» қаржыландыру

Офсеттік жобалар қоржынын қалыптастыру

ЖЭК пен СЭС-тің электр энергиясын өндірудегі үлесі

2032 жылға қарай 5,8 млн тонна CO2-балама

2032 жылға қарай 26 %

307 мың тонна CO2-балама

15% (202213 жылы 14,5%)

11 LTIFR 2023 жылы 0,26-ға тең.

12 Энергия үнемдеу бойынша ілгерілеу 2021 жылға қарай – «Самұрық-Қазына» АҚ төмен көміртекті даму Тұжырымдамасын қабылдау сәтіндегі төтенше есепті жылға қарай бақыланады.

13 Су электр станциялары бар компаниялар үшін еспетілік шегінің өзгеруін ескере отырып қайта есептелген.

БҰҰ-ның Жаһандық шарты

Біздің қызметімізде біз компаниялардың стратегияларын адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларындағы он әмбебап қағидатпен сәйкестендіруге бағытталған әлемдік басты бастамалардың бірі — БҰҰ-ның Жаһандық шартының қағидаттарын басшылыққа аламыз.

БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылған Қор Тобының компаниялары

БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттары

Қағидат Есеп бөлімі
Адам құқықтары
Іскер топтар халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қолдап, құрметтеуі тиіс «Тең мүмкіндіктерді құру» бөлімі
Іскер топтардың адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс. «Тең мүмкіндіктерді құру» бөлімі
Еңбек қатынастары
Іскер топтар бірлестік еркіндігін және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауы тиіс «Әлеуметтік-еңбек қатыныстары» бөлімі
Іскер топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық нысандарын жоюды жақтауы тиіс «Тұрақты даму қағидаттары» бөлімі
Іскер топтар балалар еңбегін толығымен жоюды жақтауы тиіс «Тұрақты даму қағидаттары» бөлімі
Іскер топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды жақтауы тиіс «Тең мүмкіндіктерді құру» бөлімі
Қоршаған ортаны қорғау
Іскер топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдауы тиіс «Қоршаған орта» бөлімі
Іскер топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдауы тиіс «Қоршаған орта» бөлімі
Іскер топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс/td> «Климаттық әсерді азайту бастамалары» бөлімі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Іскер топтар сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұруы тиіс «Сәйкестік және жүгінулермен жұмыс» бөлімі