Әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен инфрақұрылымды дамыту
Біздің қоржынымызда халықты қажетті қызметтермен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ететін және экономиканың жұмыс істеуі үшін маңызды болатын стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар активтер бар.
Бұл қызметтер халыққа лайықты өмір сүру және еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесіп, шағын және орта бизнестің дамуына себептеседі.
Қор экономиканың түрлі секторларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды белсенді іске асырады, соның ішінде:
- халықтың газға қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- елішілік теміржол жолаушылар және жүк тасымалы;
- әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу;
- телекоммуникациялық қызметтерді көрсету;
- пошталық қызметтерді ұсыну, мерзімді баспасөз басылымдарын тарату, зейнетақы мен жәрдемақыларды жеткізу;
- ішкі жолаушылар әуе тасымалы. GRI 3-3
Әлеуметтік даму үшін газдандыру
Біздің ең ауқымды және әлеуметтік маңызы бар жұмыс бағыттарымыздың бірі — ел өңірлерін газдандыру. Біз сенімді және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ете отырып, газ инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа объектілерді салу бойынша жұмыстарды жүргізудеміз. Бұдан басқа, біз өнеркәсіп объектілері мен кәсіпкерлік субъектілерін табиғи газға көшіріп, қоршаған ортаға әсерді азайтудамыз.
Біздің күш-жігеріміздің арқасында еліміздің газдандыру деңгейі 60%-ға жетті. 2023 жылдың басындағы энергетика саласында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге қарамастан, республиканы жыл бойы үздіксіз газбен жабдықтау қамтамасыз етілді.
Ашық көлік дәліздері және логистика
Біз «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың көмегімен қалалар арасындағы байланысты қамтамасыз етуде, әсіресе, басқа көлік түрлері қолжетімсіз немесе шектеулі болуы мүмкін еліміздің шалғай аймақтарында азаматтарға сенімді және қолжетімді көлік қызметтерін ұсынуда түйінді рөл атқарамыз. Кең желінің арқасында — елдегі 138 теміржол бағыты мен 16 мың шақырым теміржол және жол жүрудің қолжетімді тарифтерінің арқасында біз халқымызды қалалар мен елді мекендер арасында қауіпсіз әрі жайлы жүру мүмкіндігімен қамтамасыз етеміз.

2023 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың пойыздары 13 681 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өз қызметінде инклюзивтілік пен қауіпсіздікті қолдайды. Осылайша, 2022 жылмен салыстырғанда, ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларды тасымалдау көлемі 42%-ға өсті. Қозғалысы шектеулі адамдарға арналған орындармен қамтамасыз етілген 87 вагон бар. Олар 36 бағыт бойынша жүріп тұрады. Мүмкіншіліктері шектеулі тұлғаларға жол жүруге 50%-ға дейін жеңілдіктер ескерілген, сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап онлайн билеттерді сатып алу үдерісі жеңілдетілген. GRI 203-1
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның 161 мыңға жуық жолаушысы «Әйелдер вагоны» қызметін пайдаланды. Салыстыруды жүргізсек, 2022 жылы мұндай вагондармен 114 мыңнан астам адам жол жүрген. Жолаушыларға жайлы жол жүру үшін барлық қажетті жағдай жасалған, олармен жол бойында жолсерік-әйелдер ілесіп жүреді. GRI 203-2


Құрылыс экономика мен халық амандығының іргетасы ретінде
Қазақстанда құрылыс саласын дамытуға жәрдемдесу біздің қоржындық компания «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-тың қатысуымен жүзеге асырылады.
2023 жылы Қазақстанның 5 қаласында бірқатар тұрғын үй кешендері пайдалануға берілді. Сондай-ақ Астанадағы шатыр және қаптайтын материалдарын жасап шығару зауыты салынып, пайдалануға берілді, бұл Ресей, Қытай және Финляндиядан келетін өнімдер импортын азайтатын болады.
Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС инвестициялық компаниясы өңдеуші өнеркәсіпті, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібін қаржыландыруды іске асыруда. Бұл жаңа өндірісті, сапалы жұмыс орындарын құрайды, импортқа тәуелділікті азайтып, шетелдік инвестиция мен технологияларды тартады.
Әлеуметтік прогресс үшін телекоммуникацияны дамыту
Біз телекоммуникациялық қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етілуін «Қазақтелеком» АҚ қоржындық компаниясы арқылы іске асырамыз». Қазіргі таңда біз байланыспен қамтуды негізінен ауылдық елді мекендерде кеңейтіп жатырмыз. Барлығы 2023 жылға қарай 5 351 ауылдық елді мекені ғаламтормен қамтамасыз етілді.

Желілік инфрақұрылымды жаңғырту жобасы аясында 2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ бүкіл республика бойынша 55 мың дерлік абонентті талшықты-оптикалық байланыс желісіне ауыстырды. GRI 203-2

Әлеуметтік аман-есендік үшін пошталық инфрақұрылым
Еліміздің шалғай аймақтарын қоса алғанда, пошталық сервистерге қолжетімділікті қамтамасыз ету Қор Тобының әлеуметтік қолдаудың маңызды аспектісі болып табылады. Біздің қоржындық компания «Қазпошта» АҚ Қазақстандағы пошталық қызметтердің ұлттық операторы болып табылады, және ҚР-дың барлық дерлік аумағын, әсіресе облыстық және ауылдық деңгейде (3000-ға жуық пошта бөлімшесі) қамтитын елдегі ең ірі филиалдық желісіне ие.

Мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және ауыл мен қала арасындағы сандық теңсіздікті жою мақсатында 2023 жылдың мамырынан бастап ауылдық пошта бөлімшелерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша сынамалы жоба іске қосылды. Жоба 11 өңірде енгізіліп, 200-ден астам ауылдық пошта байланысы бөлімшесін қамтиды.
Штаттық режимде «Қазпошта» АҚ жасы 80-нен асқан және ерекше санаттағы азаматтарға зейнетақыны тегін жеткізуді іске асырады. Ақша тікелей пәтерлерге дейін жеткізіледі.
GRI 203-2

Барлық санаттағы азаматтар үшін қолжетімді әуе қатынасы
«Эйр Астана» АҚ әуе компаниясы арқылы біз Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытуға және қолжетімді әуе қатынасын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосудамыз.
«Эйр Астана» АҚ әуе компаниясы 43 бағыт (халықаралық және ішкі дестинациялар) бойынша 91 бағдарды орындайды.
Компания Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары үшін жеңілдетілген әуе тасымалдарын ұсынады:
- Емделуге немесе ота жасатуға ұшатын, Қазақстанда емделмейтін онкологиялық немесе жүрек-қан тамырлары аурулары бар күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға. Билеттер балаға және бір алып жүрушіге екі бағытта да беріледі.
- Емделуге немесе ота жасатуға ұшатын азаматтық авиация ардагерлеріне.
- Ұлы Отан соғысының (ҰОС) ардагерлеріне және азаматтық авиация ардагерлеріне, Қазақстан Республикасының азаматтарына, әуе компания әуежайлық және басқа да алымдарды есептемегенде ұшуға 100% жеңілдік бере отырып, Қазақстан мен ТМД елдері бойынша саяхаттауға көмектеседі.
- «Жас Қыран» әлеуметтік бағдарламасы аясында тегін әуе сапарларын ұсыну. Бағдарлама халықаралық шығармашылық, спорттық және зияткерлік сайыстар мен байқауларға қатысатын 7-17 жас аралығындағы дарынды жастарды қолдауға бағытталған және балаға және бір ілесуші тұлғаға екі бағытта да билеттер беріледі.

Қор қоржынының бір бөлігі болып табылатын «QAZAQ AIR» АҚ ауыр науқас балаларға, мүгедек балаларға және олардың ілесуші тұлғаларына жеңілдіктер ұсынады, сонымен қатар жасы 16-дан 22-ге дейінгі, сондай-ақ жасы 60-тан асқан жолаушылар үшін арнайы жеңілдіктер ескерілген. GRI 203-2